• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

27 Қараша, 05:20:31
Алматы
-5°

Украина шекарасындағы шиеленіс күшейіп келеді. Бейсенбі күні Вашингтон НАТО-мен бірге Украина шекарасы маңындағы әскери күштер мәселесін талқылайтынын мәлімдеді.

Ал соңғы ақпараттар бойынша, Ресей аймаққа баллистикалық зымырандарды орналастырған.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псакидің сөзіне сәйкес, Ресейдің осы аймақтағы ең ірі әскери маневрлері ретінде сипатталған жағдайға Вашингтон "барған сайын алаңдайды".

"Осы аптада ғана Украинаның бес сарбазы қаза тапты. Мұның бәрі алаңдаушылық тудырады" деді Псаки журналистерге.

Ресейдің әскери күштері туралы алғашқы хабар өткен айда жарияланған болатын. Әлеуметтік желідегі кадрларда Ресейден оңтүстік пен оңтүстік-батысқа қарай жылжып бара жатқан көптеген танктер, әскерлер мен басқа техникалар көрсетілген.

Украинаның шығысындағы Ресей қолдайтын сепаратистер мен украин үкіметінің әскерлері арасындағы ұрыс 2014 жылы басталды. Ресей сол жылы Қырымды аннексиялап алған. Дегенмен, соңғы жылдары шиеленіс бәсеңдеген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей Украина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір