• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:53:54
+35°

Алматы облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қайтыс болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Апат болған жерден түсірілген видео police.kz Іnstagram парақшасында жарияланды. 

Оқиға 8 сәуір сағат кешкі 18:00 шамасында  Қарасай ауданында болған.

"Toyota Estima маркалы көлікті басқарған жүргізуші Алматы-Бішкек тас жолымен батыс бағытта жүріп келе жатқанда 22 шақырымда тұрған "ГАЗ-53" маркалы жүк көлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында Toyota Estima-ның 46 жастағы жүргізушісі көз жұмды. Ал жеңіл көліктің 44 жастағы жолаушысы түрлі жарақаттармен Қаскелең қаласындағы ауруханаға жеткізілді" делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.

Қазір аталған іс Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от НОВОСТИ I ПРОИСШЕСТВИЯ (@police.kz)

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы жол апат

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір