• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:05:38
Алматы
+35°

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ұшақ апатынан қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын жеткізді.

Қала әкімі Twitter-аккаунтында жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

– АН-26 әскери ұшағы құлаған жерге бардым. Тиісті қызмет өкілдеріне болған оқиғаның салдарын жоюды тапсырдым. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде, – деді Сағынтаев.

Бүгін ҰҚК Шекара әскерлеріне тиесілі АН-26 ұшағы Алматы қаласы әуежайының жанындағы Қызыл Ту кентінің маңына құлап, 4 адам қаза тапқан.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір