• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:13:38
Алматы
+35°

Бүгін, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде Алматыда феминистер шеруі мен рұхсат етілген митинг өтті. Оған "КазФем", "FemAgora, Feminita", ОФ, "SVET", "Фемсреда" секілді қоғамдық ұйымдар бастамашыл болған. Oyan, Qazaqstan қозғалысының өкілдері де акцияға қолдау білдіретінін мәлімдеп, алаңнан табылды.

Феминистер әйел құқығы мен теңдігі, оның қоғам мен отбасыдағы орны, әйелдерге қарым-қатынас мәселелерін көтеріп, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды өзгертуді талап етті.

Акция қатысушылары алдымен М.Ганди саябағына жиналып, кейін Шевченко көшесімен шығысқа қарай шерулетті.

Жол бойы рупормен "Нағыз әйел бір-біріне жанашыр" "Әйеліңді ұрдың ба, үйден кет", "Ол қаладағы соңғы еркек емес", "Зорлық-зомбылыққа ақтау жоқ", "Бізді патриархат өлтіріп жатыр", "Әйелдер бір-біріне бауыр", "Әйел үйінде қонақ емес", "Әйел құқығы адам құқығы", "Келін құл емес", "Сен тумайсың, сен шешпейсің", "Әркім өз шұлығын өзі жуады", "Феминизмсіз болашақ жоқ" деп  айқайлап, талаптарын жеткізді.

Шоқан Уәлиханов атындағы алаңға келген соң феминистер кезекпен сөз алып, Қазақстандағы әйел құқығы, зорлық-зомбылыққа төзбеу, жыныстық таңдау туралы айтты.

"SVET" қоғамдық ұйымының өкілі Мөлдір Албан 5 жыл бұрын бала кезінде сексуалдық зорлыққа ұшырағаны туралы ашық айтқанын, мұндай жағдайлар әлі де азаймай отырғанын жеткізді. Оның пікірінше, бұған тиісті заңның осалдығы, әйелдерде күресуге ынтаның төмендігі себеп.

– Біз тіпті әйелін көгала қойдай соққан адамды қалай жазалаулы білмейміз. Заң қорланғанды емес, қорлағанды, зорланғанды емес, зорлағанды қорғайды, жәбір көргенді емес, қол көтергенді жақтайды. Біздің талабымыз – әртүрлі зорлық-зомбылықты заң жүзінде жазалауды қатайту, полицияның дер кезінде назар аударуын талап ету, жергілікті билік өкілдерінің тұрмыстық зомбылыққа немқұрайлы қарауын тоқтату. Біз бүгін өз құқығымызды талап етпесек, ертеңгі күні бармағымызды тістейміз, – деді ол.

Акцияға жүздеген астам адам қатысты. Олардың дені жастар мен әйелдер. Арасында орта жастағы әйелдер мен ер адамдар да жүрді.

 Фото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kzФото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kz

 

Фото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kz

 

Фото: qamshy.kz

 

Фото: qamshy.kz

 

Фото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kz

Қамшыгер

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір