• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:18:00
Алматы
+35°

Соңғы кездері қазақтың ұлттық салт дәстүрлері түрленіп, кейбір ұлттық ұстанымдары өзгеріп бара жатқаны рас. Өйткені Батыстан келген қазақ қоғамына жат дәстүрлер көзге үйреншікті, құлаққа сіңісті болып барады.

Қазақы дәстүрмен үш айға дейін құрсағын сырт көзден жасырып ұстайтын келіндер қазір іші білінер білінбестен «гендер пати» тойын дүрілдетіп өткізуде. Яғни аяғы ауыр келіншек немесе, ерлі-зайыптылардың достары ультрадыбыстық зерттеуден соң, баланың жынысын басқаларға түрлі жолдармен сүйіншілеп жеткізеді. Торттың түсі немесе шар жару, қорапқа жасырылған болашақ сәбидің киімдері арқылы анықталатын бұл жөн-жоралғының соңы үлкен тойға ұласып жатады.

Блоггер жастардың ісіне шошына қарап жүргенімізде, жақында дәстүрлі әнші Өмірқұл Айниязовтың инстаграм парақшасында «гендер пати» өткізгенін, және видеосын жариялағанын көзіміз шалды. Батыстық салт қазақи, дәстүрлі әншіміздің өз идеясы ма, әлде жақын жуығының қолқалауы ма? Жалпы гендер патиге әншінің өзі қалай қарайтынын білу үшін телефон шалған едік.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от ??????? ????????? (@omirkul_ainiyazov)

Өмірқұл Айниязов, дәстүрлі әнші:

– Бұл дәстүр қайдан келгенін білмедім. Бірақ қазір жастардың "Гендер пати" өткізіп жатқанын жиі байқап жүрмін. Бұл – менің 21 жыл күткен қуанышым. Бір баламыз бар. Жақында 21 жасқа толады. Сондықтан келіншегім осы екіншісін көтердім дегенде қатты қуандым. Сосын көмекшілерім, айналамда жүрген жастар "Гендер пати" өткізуге ұсыныс жасады. Әке-шешем, қарындастарым, туған-туыс үйде шағын отбасылық қуаныш ретінде атап өткен жайымыз бар. Туған туыстың балалары қатты күтті, видеода көргендеріңіздей бәріміз қуандық. Осы орайда жақсы нәрсені орыстан келді, Батыстан келді деп бөлудің қажеті жоқ секілді. Қайта жақсы дүниені жат көрмей қабылдауымыз керек секілді. Қазір келіншегім жүктіліктің жетінші айында. Бірақ баланың жынысын айта алмаймын. Сіздерге «Қамшы» порталына да айтпаймын. Неше жыл асыға күткен сәбиіміз болғандықтан, ырымдап әзір айтпауды жөн көріп отырмыз. Негізі ол видеоны жүктіліктің төртінші айында түсіргенбіз. Бірақ көпшілікке көрсетпей құпия ұстадық. Келіншегім де видеоны салғанымды қаламап еді, бірақ мен қуанышым қойныма сыймай бөлісіп қойдым.

Қуаныш Ерсұңқар

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір