• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:01:56
Алматы
+35°

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясовтың қаулысымен ел тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакцинациялау бойынша қаулы бекітілді, деп хабарлады inform.kz.

Аталған қаулыға сәйкес, бірінші кезекте коронавирус жұқтырып алу қаупі жоғары санатқа кіретін адамдарға вакцинация жасалады. Олар:

– медицина қызметкерлері, бірінші кезекте инфекциялық ауруханалар, жедел медициналық көмек, реанимация және терапия бөлімшелері, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қабылдау бөлімдері персоналдары, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары;

– педагогтер, учаскелік полиция қызметкерлері;

– студенттер, медициналық-әлеуметтік және жабық балалар мекемелерінің қызметкерлері мен контингенті;

– төтенше жағдай қызметтерінің, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері;

– ҚР Президенті Іс басқармасының контингенті, мемлекеттік қызметшілер, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық, консулдық мекемелердің қызметкері саналатын ҚР азаматтары, ұлттық құрама командалардың мүшелері;

Алдын алу екпелеріне тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарға, КВИ-дің өткір және симптомсыз түрімен ауырғандарға вакцинация салынбайды. Коронавируспен ауырғандармен қарым-қатынаста болғандарға карантин мерзімі өткеннен кейін ғана екпе салынады. Қаулыда сондай-ақ вакцинаны салдыруға қарсы көрсетілімдер белгіленген.

Еске салайық, Қазақстанда 1 ақпанда Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») ресейлік вакцинасын егу басталады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қаулы коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір