• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:06:19
Алматы
+35°

21-ғасырдың 2021 жылы барша адамзат үшін бетбұрыс кезеңіне айналмақ. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

– Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың көппартиялы болуы, жаңа құрамы қоғамдағы саяси бәсекенің арта түскенін көрсетті. Елбасы жетекшілік ететін "Nur Otan" партиясы өзінің көшбасшылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Халықтың белгілі бір бөлігінің мүддесін көздейтін басқа да партиялар сенім мандатына ие болды. Ел-жұртымыз егемендігіміздің 4-ші онжылдығына қадам басар тұста бұрын болмаған жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Біз ғана емес күллі дүниежүзі мүлде жаңа дәуірге бет бұрды. Өркениеттің даму жолымен әлемдік құрылымның түп негізі түбегейлі өзгеріске ұшырауда, – деді ол.

Сондай-ақ президент 2021 жыл алдағы онжылдықтың басты бағдарын айқындайтынын атап өтті.

– 21-ғасырдың 2021 жылы барша адамзат үшін бетбұрыс кезеңіне айналмақ. Бұл жыл алдағы онжылдықтың басты бағдарын айқындайды. Мұндай күрделі жағдайда уақыттан ұтылуға және бір сәтке де босаңсуға болмайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір