• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Мамыр, 01:29:41
Алматы
+35°

Қазіргі таңда мобильді мониторингтік топтардан және жергілікті полиция қызметінен түскен материалдарға сәйкес, ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша анықталған бұзушылықтар үшін 169 592 630  теңге көлемінде 1251  айыппұл салынды, деп хабарлады санитарлық эпидимиологиялық бақылау комитеті.

Бүгінгі күні Координациялық орталықтардан түскен шұғыл хабарлама негізінде жоспардан тыс 19 тексеру жүргізілді. Тексеріс қорытындысы бойынша 18 объектіге 5 028 180 теңге көлемінде айыппұл салынды, 18 ұйғарым берілді, объектінің жұмысын тоқтату бойынша 13 материал әкімшілік сотқа жіберілді.

Атап айту керек, шектеу карантин шараларын бірнеше рет бұзған 13 нысан бойынша материалдар (қоғамдық тамақтану объектілері салтанатты, отбасылық, ұжымдық іс-шаралар өткізді, караоке, компьютерлік клубтар жұмыс істеді) қызметін тоқтату үшін әкімшілік сотқа берілді. Ол объектілер мыналар: «Диана», «Андр», «Салтанат сарайы», «Дулат», «1001 түн», «Ғарыш», «Нұр», «Хан Орда» мейрамханалары, «Душа» караоке клубы,  «Virtual club» , «Sun STRIKE» ойын клубы (компьютерлік)  және т.б.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар жанынан ұйымдастырылған мобильді топтар тарапынан кәсіпкерлік объектілерінде шектеу карантиндік шараларын сақтау бойынша мониторинг күшейтілетіні еске салынды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір