• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Мамыр, 01:28:53
Алматы
+35°

21 Желтоқсан, 2020 Барлық аймақтар

2020 жылы қайтыс болған белгілі тұлғалар

Өтіп бара жатқан 2020 жыл адамзат үшін оңай жыл болған жоқ. Коронавирус пандемиясы салдарынан көп елдердің экономикасы тұралап, бизнес дағдарысқа ұшырады. Тұрғындар тұрмысы төмендеді. Ең ауыры коронавирус әлем бойынша 1,69 млн адамның өмірін қиды. Қазақстанда да коронавирустан және басқа да себеппен дүниеден өткендер биыл аз болмады.

Фото: Фотоколлаж

2020 жылы дүниені озған белгілі азаматтар.

  Дулат Ағаділ    Дулат Ағаділ (16.02.1977-25.02.2020жж)

2020 жылдың 25 ақпанында қоғам белсендісі Дулат Ағаділ 43 жасында Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қайтыс болды. Ресми дерекке сай ол жүрек талмасынан көз жұмған.

 Бейсен Құранбек    Бейсен Құранбек (06.12.1977-18.05.2020жж)

2020 жылдың 18 мамырында танымал тележүргізуші, "Жетісу" телеарнасының директоры Бейсен Құранбек қатерлі ісіктен қайтыс болды. Қырқы болатын күні марқұмның анасы, ал 24 қыркүйекте әкесі дүние салды.

Қуандық Шамахайұлы   Қуандық Шамахайұлы (01.01.1961-29.06.2020жж)

2020 жылдың 29 маусымында белгілі жазушы, журналист Қуандық Шамахайұлы ауруханада қайтыс болды. 23 маусым күні коронавирус деген күдікпен ауруханаға жатқызылған жазушыға «ауыр дәрежедегі екіжақты полисегменталды пневмония» деген диагноз қойылған.

 Әбдуғаппар Сманов Әбдуғаппар Сманов (22.02.1970-01.07.2020жж)

2020 жылдың 1 шілдесінде ислам дінінің танымал уағызшысы, "Сарыағаш" медресе колледжнің директоры Абдуғаппар Сманов пневмониядан қайтыс болды. 5 шілде күні марқұмның туған ағасы Әбдіжаппар Шәкірұлының ұлы Закария Сманов өмірден озды.

Мұрат Мұқашев        Мұрат Мұқашев (07.09.1968-05.07.2020жж)

2020 жылдың 5 шілдесінде Қазақстандық танымал актер және каскадер Мұрат Мұқашев пневмониядан қайтыс болды.

Берік Ысмайылов          Берік Ысмайылов (15.03.1962-07.07.2020жж)

2020 жылдың 7 шілдесінде белгілі киім дизайнер, модельер-конструктор, халықаралық дизайнерлер қауымдастығының мүшесі, "Берік Ысмайылов" авторлық сән салонының директоры Берік Ысмайлов коронавирустан қайтыс болды.

Дархан Дайырбек    Дархан Дайырбек (01.01.1969-08.07.2020жж)

2020 жылдың 8 шілдесінде театр және кино актері, "Терісқақпай" әзіл-сықақ театрының әртісі Дархан Дайырбек коронавирустан қайтыс болды.

Кеңес Дүйсекеев   Кеңес Дүйсекеев (10.02.1946-09.07.2020жж)

2020 жылдың 9 шілдесінде Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор Кеңес Дүйсекеев қайтыс болды.

Жақсылық Үшкемпіров  Жақсылық Үшкемпіров (06.05.1951-02.08.2020)

2020 жылдың 2 тамызында Қазақстанның грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек ерi, "Барыс", "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері Жақсылық Үшкемпiров қайтыс болды.

Айсұлтан Рахат  Айсұлтан Рахат (26.08.1990-16.08.2020жж)

2020 жылдың 16 тамызға қараған түні Лондон қаласында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Рахат қайтыс болды.

Жанболат Ағаділ Жанболат Ағаділ (06.12.2002-10.11.2020жж)

2020 жылдың 10 қарашасында азаматтық белсенді марқұм Дулат Ағаділдің ұлы Жанболат Ағаділ 17 жасында пышақ жарақатынан қайтыс болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір