• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:03:40
Алматы
+35°

Рашид Тукешев есімді Атырау тұрғыны ерекше балаларға арналған балабақшаға баратын ұлын ұдайы ұрып келген тәрбиешіні бір жылдан астам уақыттан бері жауапқа тартқыза аймай жүргенін айтып, instagram арқылы үндеу жолдады. Айтуынша, бұған дейін қалалық деңгейдегі барлық құзырлы органдарға шағымдануынан еш нәтиже шықпаған. Баласына қол көтерген тәрбиеші әлі күнге дейін жұмыс істеп жүр.

Жәбірленуші ҚР бас прокурорына, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне, Атырау облысының әкімдігіне, мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктің департаментіне, "Nur Otan" партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасына, блогтар қорының директоры Аружан Саинға және барлық құзыретті органдарға мәселеге назар аударуды сұрайды.

"2019 жылғы 18 қарашада Атыраудағы сөйлеуінде қиындықтары бар балаларға арналған "Алтын балық" мамандандырылған мемлекеттік балабақшасында тәрбиеші Измагамбетова Мария Кабдуловна бірнеше рет ұлым Р.А.Ермековке дене жарақатын салған. Қолымда ұлымды зәбірлеген, мазақ қылған, ұрған сәттер бейнеленген 25 бейнежазба бар. Баламның неврологиялық диагнозы болғандықтан құрдастарына қарағанда дамуында тежелу бар. Сондықтан болған жайтты айта алмайды" делінген жазбада.

Рашид Тукешев "аудандық, облыстық білім бөлімдеріне, қалалық ішкі істер бөліміне, қалалық прокуратураға арызданғанынан еш нәтиже болмады" деп отыр. "Прокуратура мен қалалық полиция бөлімі істі үнемі кейінге қалдыра береді" деген ол әділдікті талап ететіндерін, тәрбиешіні жауапқа тартып, балалармен мүлде жұмыс істемейтіндей етуді сұрайды.

"Сот процесін созбасын. Осы 13 ай бойы біз сұмдық жағдайды өткеріп келеміз. Біздің отбасымыз үшін бұл үлкен страсс. Енді қанша созуға болады" делінген жағдайды әлеуметтік желіге жариялаудан басқа шарасы қармаған әке.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Тукешев Рашид (@tukeshevrashid76)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: атырау балабақша

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір