• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:58:47
Алматы
+35°

11 Желтоқсан, 2020 NEWS

Сайлау қарсаңында партиялар не істеп жатыр?

2021 жылғы 10 қаңтарда болатын парламент мәжілісі сайлауы қарсаңында саяси додаға қатысатын партиялар түрлі іс-шаралар өткізіп жатыр.

Көрнекі сурет

Мәселен, бүгін "Ақ жол" партиясының өкілдері Алматыдағы сусын өндіретін зауыт ұжымымен кездесті.

Бұл зауыт пандемия салқынын соншалық сезе қоймаған. Өйткені, өндісте азық-түлікке деген сұраныс азаймаған, деп хабарлады "Ақ жол" партиясының баспасөз қызметі.

Алматыда «Ақ жол» партиясының  сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

Өндірісте  жылына 60 миллион литр сусын өндіріледі. Айналымдағы ақшаның көлемі де ауқымды. Сондықтан зауыттағы 200-ден аса қызметкер жұмыс орнын сақтап қалған. Ендігі мәселе олардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, барынша қолайлы орта қалыптастыру. Бұған қоса, кездесу барысында қолжетімді баспана, сапалы медицина және білім жүйесіне қатысты мәселелер де көтерілді.

Парламент мәжілісі депутаттығына үміткер Дмитрий Васильевтің пікірінше, мұндай кәсіпорындар отандық өнім шығарып, ел экономикасын дамытуға үлкен үлес қосып жатыр. Сәйкесінше, мұндай өндірістердің жұмысшыларына  жайлы жағдай жасалуы керек. «Ақжол» партиясының өкілдері алдағы күндері де осындай еліміздегі ірілі-ұсақты өндіріс ошақтарын аралап көрмек.

Ал "Ауыл" партиясы бүгін Түркістан облысы Қазығұрт тауының етегіндегі "Кеме қалған" алаңында "Ауылдықтар атқа қонды, қолдайық!"  атты акциясы өткізіп, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау науқанының символикалық түрде басталғанын хабарлады.

Іс-шараға мәжіліс депутаттығына кандидаттар: Т.С.Рахимбеков, К. К. Айтуғанов, Б. Төлеген, З. А. Әліпбеков, Д. Кәпұлы, К. А. Аралбекова,  Н. Г. Арсютин, А. А. Сатыбалдин, Д. К. Қуатов және Б. Д. Қыстауов қатысты.

– Аңыз бойынша, адамзатты су тасқынынан құтқарған Нұх кемесі осы жерге тоқтады. Адамзат баласының өсіп-өнуі дәл осы жерден бастау алады. Сондықтан қасиетті Қазығұрт жерін жаңғыру және жаңару мекені деп атауға болады. Сол себепті "Ауыл" партиясы өзінің үгіт-насихат науқанын осы жерден бастауды ұйғарды. 

"Атқа қону" ұғымы  халқымздың мүдделерін қорғау үшін күш жұмылдыруды білдіреді. Атқа қонғандар жақсылықтың жаршысы, партияның жоспарлары мен ұсыныстарының хабаршысы болады. Сондықтан барлық кандидаттардың бірінші кезектегі міндеті партияның сайлауалды бағдарламасын әрбір ауылға, әрбір қазақстандыққа жеткізу" – деп атап өтті Ә. Бектаев.

 

Сондай-ақ осы күні алдағы сайлауға қатысатын, жуырдаға ғана ребрендинг жасаған Қазақстан Халық партиясы сайлауалды штабын таныстырды.

ҚХП төрағасы, Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров журналистерге партияның негізгі идеяларын баяндады.

– Саяси доданың маңызды кезеңі басталды, – деді Айқын Қоңыров.

ҚХП ОК хатшысы, Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков пен ҚХП республикалық сайлауалды штабының басшысы Олжас Сыздықов өңірлерде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Мәжіліс пен мәслихаттарға кандидаттардың қалай іріктелгенін түсіндірді.

– Қазақстанның әр өңірінде партияның қалалық және облыстық филиалдары жұмыс істейді. Олардың бәрі жергілікті халықпен тығыз байланыста. Сайлау күні жарияланған соң ҚХП да дайындықты үдетті. Облыстық, қалалық филиалдардың базасында сайлауалды штабтар ұйымдастырылды. Үгіт-насихат жұмыстарына дайындық барысы пысықталды, – деді Олжас Сыздықов.

Сайлау алдында атауы өзгерген тағы бір партия – "ADAL" партиясы депутаттыққа үміткерлердің аймақтардағы тұрғындармен кездесулері басталғанын жария етті.

На изображении может находиться: 5 человек, текст «ADAL 11.12 талдыкорган ардак назаров даулет мукаев максат толыкбай лаззат чинкисбаева алмасбек садырбаев «ADAL» партиясы халыкпен кездесед www.adalpartiyasy.kz #Adal2021 52-52»

"Біздің партияның өкілдері барлық облыс орталықтары мен шалғайдағы елді мекендерді аралайды. Біз халықтың барлық санаттарымен: еңбек ұжымдарымен, мұғалімдермен, дәрігерлермен, кәсіпкерлермен, зейнеткерлермен және ерекше қажеттіліктері бар азаматтармен кездесулерімізді жоспарладық. Бүгіннің өзінде, 11 желтоқсан күні «ADAL» партиясынан депутаттыққа кандидаттар Ардақ Назаров, Мақсат Толықбай, Дәулет Мұқаев, Алмасбек Садырбаев және Лаззат Шыңғысбаевалар Талдықорған қаласы мен Алматы облысының елді мекендеріндегі сайлаушылармен кездесті. Біз сіздерге басқа аймақтардағы кездесулер туралы тағы да хабарлайтын боламыз"  деп жазды партияның баспасөз қызметі.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір