• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:04:09
Алматы
+35°

Қазақстан парламенті ел президентіне жаңа өкілеттік беруді көздейтін "әкімшілік-аумақтық құрылым туралы" заңға түзетулер енгізді.

Сенаттың бейінді комитетінде заң жобасының мақсаты әкімшілік-аумақтық құрылым саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылатынын атап өтті.

Заң жобасына сәйкес, президентке төмендегідей өкілеттіліктер беру көзделген:

- қаладағы аудандарды елді мекендердің құрамдас бөліктеріне жатқызу;

- халық саны 400 мыңнан астам адам болған кезде облыстық маңызы бар қалада, республикалық маңызы бар қалада, астанада аудан құру;

- аудандық маңызы бар қаланың, кенттің және ауылдың өлшемдерін нақтылау;

- Президентке Үкіметтің ұсынуы бойынша және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендерге қайта құру жөнінде шешім қабылдау жөнінде өкілеттік беру;

Үкіметке республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендерге қайта құру туралы ұсыныс енгізу жөнінде жаңа құзырет беруді ұсынады.

Сондай-ақ түзетулермен облыстық өкілді және атқарушы органдарға облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендерге қайта құру туралы ұсынысты үкіметке енгізу жөнінде жаңа өкілеттік беру, сондай-ақ аудандық маңызы бар қала әкіміне аудандық маңызы бар қаланы кент санатына жатқызу туралы ұсынысты аудандық өкілді және атқарушы органдарға енгізу жөнінде өкілеттік беру көзделеді.

Сенаторлар "әкімшілік-аумақтық құрылым туралы" Заңға түзетулерді бірауыздан қабылдады.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: парламент президент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір