• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

16 Қазан, 08:57:42
Алматы
+6°

Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Орталық коммуникациялар алаңында Ақтөбе облысының 2020 жылдың тоғыз айы ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы баспасөз мәслихаты өтті.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Президенттің экономикалық өсімді қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша тапсырмаларының жүзеге асырылып жатқандығы жөнінде баяндады.

Өңірдегі пандемия мен шектеу шараларына қарамастан барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің қарқынды өсімі қамтамасыз етілген. Өнеркәсіп көлемі 100,1%, инвестиция – 108,8%, ауыл шаруашылығы – 104,1%, құрылыс – 116,4%, тұрғын үйлердің пайдалануға беруілуі - 103,6%. qamshy.kz

Облыс экономикасына 410 млрд. теңге инвестиция тартылды, оның 19,5%-ын шетелдік инвестициялар құрады.

«1 200 жұмыс орнын ашатын, құны 140,2 млрд. теңгеге 26 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. 54,5 млрд. теңгеге 7 жоба ендігі пайдалануға берілді. Олардың қатарында, «ARM wind» ЖШС-нің «Бадамша-1» жел электр стансасының, «Көктас Ақтөбе» АҚ-ның құрылыс материалдары мен силикат кірпіш өндіретін зауытының, «Alina Holding» ЖШС-нің қаттты-ұнтақ толтырғыш шығаратын цехының, «Milker» ЖШС-нің құрама жем зауытының және т.б. құрылыстары бар. Инвестиция тарту жұмысы 2021 жылы да жалғасады, соның ішінде құны 150 млрд теңгеге 18 жоба жүзеге асырылуы есебінен 2 200 жұмыс орны ашылады»,- деді Оңдасын Оразалин.

qamshy.kz

Өңір басшысы пандемия кезінде шағын және орта бизнестің неғұрлым зардап шеккенін атап өтті. Соған байланысты өңірде осы саланы қолдау және әрі қарай дамыту сұрақтарына баса назар аударылғанын атап өтті. Атап айтқанда, 1300-ден аса шағын және орта бизнестің жүзеге асырылуына мемлекеттік қолдау көрестілді.

Ақтөбелік шаруалар 236,4 млрд теңгеге өнім өндірді. qamshy.kz

Мемлекет басшысының жергілікті тауар өндірушілердің есебінен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспорт әлеуетін көтеру керектігі жөніндегі тапсырмасын орындау аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 10 түрі бойынша қосымша резерв құрылды. Бұл мақсатқа 300 млн теңге бөлінді. Облыс азық-түлік тауарларының 32 түрінің 24-імен қамтып отыр.

Өңір тұрғын үй құрылысы жағынан әлі де алда келе жатыр: ендігі 558 мың м2 тұрғын үй падалануға беріліп қойды. Осы жылдың соңына дейін 1 млн. м2 немесе 7 200 пәтер тапсырылатын болады. оның ішінде жеке баспанасы жоқ көпбалалы және аз қамтылған 1084 отбасы үйлі болады. qamshy.kz

Оңдасын Оразалин жергілікті жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы әлі де басты проблемалардың бірі екенін атап өтті. Көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 40,4 млрд. теңгеге 610 шақырым автокөлік жолы жөнделмек. Бұл қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 56,5%-дан 59%-ға дейін көбейтуге мүмкіндік береді.

«Біздің басты міндетіміз - азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, оларды жұмыспен және тұрақты еңбекақымен қамтамасыз ету. Төтенше жағдай мен шектеу шараларының енгізілуіне байланысты көптеген кәсіпорын өз қызметін уақытша тоқтатқан болатын, бұл өз кезегінде азаматтардың табысына әсер етпей қоймады. Облыстың 520 мың тұрғыны 20 мың көлемінде әлеуметтік төлем алды. Биыл 20 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 11 мыңға жуығы - тұрақты»,- деп қосты спикер.

4,9% болған жұмыссыз деңгейін төмендету сұрағын шешуге «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы да септігін тигізді. Биыл олсы бағдарламаға 45 млрд.тг. бөлінді.

«Бүгінде біздің бар күшіміз инфекциямен күресуге және тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтауға жұмылдырылып отыр. Жалпы, коронавируспен күресуге шамамен 5 млрд теңге бөлінді, соның ішінде, медициналық техника мен жабдықтар алуға 3,4 млрд.тг., дәрілік заттар, жеке қорғаныс құралдары мен өкпені жасанды желдеткіш апппаратттарын сатып алуға 1,3 млрд.тг.»,-деді өңір басшысы.

Облыс аумағындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты, стационарларда 315 инфекциялық кереует бар, қажет болған жағдайда олардың саны 3603-ке дейін артатын болады.

Облыстағы медициналық мекемелер заманауи компьютер томографтарымен, стационарлық рентген аппараттарымен, өкпені жасанды желдеткіш аппараттарымен, оттегі концентраттарымен қамтылған, 8 мобильді жылжымалы кешен, 41 санитарлық машина сатып алынды.

«Келесі жылға қойып отырған негізгі міндетіміз – экономикалық өсімнің оң қарқынын кемінде 102% деңгейде қалпына келтіру. Экономиканың тұрақты өсімі мен диверсификациясын қамтамасыз ету үшін 2021 жылы шамамен 150 млрд теңгеге кемінде 18 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Кем дегенде 600 шақырым жол жөнделіп, 12 елді мекенді ауыз сумен, 8 елді мекенді газбен қамтамасыз етеміз»,-деді сөзін түйіндеген Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір