• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:13:34
Алматы
+35°

Оңтүстік Корея маска тақпағандарға айыппұл салмақ және міндетті түрде маска тағу ережелерін кеңейтпек.

Оңтүстік Кореяда коронавирус эпидемиясының жағдайлары басқа елдерден гөрі жақсырақ болғанымен, соңғы күндері елде тәулігіне 100-ден аса адамнан вирус анықталуда.

Кореядағы ауруларды бақылау және алдын алу агенттігі сенбі күні 124 жаңа жағдай тіркелгенін хабарлады, бесінші күн қатарынан елде тәулік ішінде инфекция жұқтырғандар саны 100-ден асты. Агенттік мектептер мен қамқорлық үйлері сияқты жерлерде және шағын отбасылық жиналыстарда кластерлер пайда болғанын хабарлады.

Елде дүйсенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша барлығы 26 732 ковид-19 дерегі және 468 өлім тіркелген.

Бұған сәйкес міндетті түрде маска кию талабы клубтар мен караоке-барлар сияқты 12 "қауіпті" орында қазірдің өзінде бар. Ал шектеу 7 қарашадан бастап 23 орынға дейін кеңейтіледі, оның ішінде курорттар, үйлену залдары, әмбебап дүкендер, саябақтар мен шаштараздар бар.

13 қарашадан бастап бұл жерлерде бетперде кимеген адам 100 000 вонға дейін (мөлшермен 38 мың теңге) айыппұл төлейді, ал алаң операторлары 3 миллион вонға дейін (1148513 теңге) айыппұл төлеуі мүмкін.

Ақпараттарға сәйкес, әлем бойынша ресми түрде Ковид-19-дан 1,2 миллионнан астам адам қаза тапқан. Джон Хопкинс университетінің деректері бойынша қазір 1 200 361 адам аурудан қайтыс болған. АҚШ-та 230972 өлім тіркеліп, әлем бойынша пандемиядан ең ауыр зардап шеккен елдер көшін бастап тұр. Одан кейінгі орында Бразилия (160 074) және Үндістан (122 607) жайғасқан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Оңтүстік Корея

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір