01 Қазан, 2020 NEWS

Рудный қаласының тұрғыны өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Фото: DW

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Рудный қаласының тұрғынына үкім шығарды. Сергей Пахтусовқа екі әйелді өлтіріп, денелерін бөлшектеген деген айып тағылды, деп хабарлады Наша Газета.

Ер адам кінәлі деп танылып,  өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын төтенше қауіпсіздік колониясында өтейді.

– Сотталушы үйленген, оның жас баласы бар, бірақ ол сол уақытта Рудныйдың жас тұрғынымен кездесіп жүрген. Арадағы байланысты жасыру мақсатында сотталушы қызды жалдамалы пәтерінде өлтірген. Ол қыздың мойнына пышақ тыққан. Қайтыс болған қыз әжесіне тұрған жері туралы хабарлама жібергенін көргенде, ол әжесінің пәтеріне бет алған. Онда ол қыздың әжесін мойнына пышақ тығып өлтірді. Кейінірек мәйіттерді бөлшектеп, сөмкелерге салып, өзінің балконына жасырып қойған. Кейіннен мәйіт қалдықтарын Тобыл өзеніне батырып жібергісі келген, – деді сот Жаннар Тілеубаева.

Соттың айтуынша, кісі өлімі алдын-ала жоспарланып, "ерекше цинизм және салқынқандылықпен" жасалған. Айыпкер бұрын қасақана кісі өлтіріп сотталғандықтан, осы жолы оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сотталушы өз кінәсін мойындаған, сонымен қатар іске қатысты дәлелдер табылған. 

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ және шығарылған күннен бастап 15 күн ішінде шағым жасалуы мүмкін.

Кісі өлтіру ақпан айының соңында болды. Рудныйда өз пәтерінен 68 жастағы арбада отыратын мүгедек әйел жоғалып кеткен. Іздеу барысында әжесімен бірге тұрған 34 жастағы Регина да жоғалып кеткені белгілі болды.

Полицияның мәліметінше, күдікті тез арада ұсталған. Жалдамалы пәтерде тұратын азаматтың балконынан екі адамның денесі табылған. Ер адам Тобыл өзенінің мұзын ойып мәйіт қалдықтарын тастамақ болған, бірақ ол айғақтарды жасырып үлгермеген. 

 

Ілмек сөздер: рудный қостанай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір