28 Қыркүйек, 2020 Әлеумет

Жолаушылар пойызы бағыттарының жиілігі артады

Көрнекі сурет

"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы жолаушылар пойызы бірнеше бағытының қатынауы жиілейтінін хабарлады.

№1/2 "Алматы-2 – Шымкент" пойызы аптасына 1 реттен 3 ретке дейін, Алматыдан-2-ден 10 қазаннан бастап, Шымкенттен 11 қазанынан бастап жүреді.

№11/12 "Алматы-2 – Шымкент" пойызы аптасына 2 реттен 4 ретке дейін, Алматыдан-2-ден 13 қазаннан бастап, Шымкенттен 14 қазанынан қатынайды.

№31/32 "Алматы-2 – Павлодар" пойызы 11 қазанынан Алматыдан, 12 қазаннан бастап Павлодардан күн сайын жөнелтіледі.

№603/604 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Арқалық" пойызы 2 қарашадан бастап Нұр-Сұлтаннан, 3 қарашадан бастап Арқалықтан күн сайын жүреді.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты "105" нөмірі арқылы алуға болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжаттарын онлайн, соның ішінде ресми BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы қабылдайды.

Ілмек сөздер: жолаушылар пойызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір