30 Тамыз, 2020 NEWS
Reuters
Коронавирусқа сенбейтін мыңдаған адам Лондонға шеруге шықты. Пандемияны жоққа шығарушылар бетпердеден, әлеуметтік арақашықтықты сақтаудан бас тартуды талап етті.
"Бостандық үшін бірігу" деп аталатын митинг кеше түстен кейін басталды. Наразылық білдірушілер пандемияға байланысты "үкіметтің өтірігін" тоқтатуға шақырды.
Трафальгар алаңына жиналған көп адам вирусты "алдау" және "алаяқтық" деген белгілерді көтерген.
Кейбір плакаттарда "Міндетті вакциналарға жол жоқ!" деген жазулар жазылған.
Шерушілердің көпшілігі наразылық кезінде маска киюден бас тартты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір