• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

06 Желтоқсан, 04:29:45
Алматы
+4°

Фотода: Айсұлтан Назарбаев

Бүгін 26 тамыз Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Рахаттың туған күні. Он күн бұрын дүниеден өткен Айсұлтан 30 жасқа толар еді.

Айсұлтан Рахат 1990 жылдың 26 тамызында дүниеге келген. Ол Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Бұқаралық ақпарат құралдары оны "Елбасының сүйікті жиені" деп атайтын. 

Айсұлтан 2006 жылы Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының сапында Еуропа чемпинатының іріктеу турниріне қатысты. "Челси" және "Портсмут" жастар командалары мен қазақстандық "Астана" командасында ойнаған.

Экс-президенттің жиені Сандхерсттегі Британ корольдік әскери академиясын (2009-2010) және КИМЭП университетінің магистратурасын "бизнес-әкімшілік" мамандығы бойынша тәмамдаған.

2012-2013 жылдары қорғаныс министрлігінің бас барлау басқармасында қызмет атқарған.

2017 жылдың ақпан-қазан айларында Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті болған.

2020 жылдың 16 тамыз күні Лондон қаласында көз жұмды. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір