• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:29:03
Алматы
+35°

Қазақстан сәулетшілер одағының басшысы, "Бәйтерек" монументінің авторы Ақмырза Рүстембеков қайтыс болды. Бұл туралы  "Алматыгенплан" ғылыми-зерттеу институты хабарлады.

"Алматыда сәрсенбі, 29 шілде күні Қазақстан сәулетшілер одағының басшысы, "Бәйтерек" монументінің авторы Ақмырза Рүстембеков өмірден озды" делінген хабарламада.

Рүстембеков Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Шығыс елдері халықаралық сәулет академиясының мүшесі, Ресей сәулетшілер одағының құрметті мүшесі.

"Астана-Байтерек" монументінің авторы. Жоба Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әзірленген болатын.

"Астана-Байтерек" нысаны үшін сәулетшіге Халықаралық сәулетшілер қауымдастығының байқауында 2002 жылдың үздік құрылыс нысаны аталымында гран-при мен Алтын медаль берді.

Сәулетші 1956 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір