• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:31:32
Алматы
+35°

Бүгін Алматы әуежайына дәрі-дәрмектері бар кезекті борт келіп қонды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Іңкәр» фаркомпаниясының тапсырысы бойынша Үндістаннан жалпы салмағы 32 тонна болатын жүк жеткізілді. Компания өкілдерінің айтуынша, әуежайда жалпы саны 242 мың қаптама болатын COVID-19-ға қарсы препарат түсірілген.

Жүк кедендік рәсімдеуден өтіп, қажетті құжаттар толтырылғаннан кейін компанияның қоймасынан дәріхана желілеріне жеткізіледі.

Компания сонымен бірге арнайы тұрақтандыру қорына дәрі-дәрмектерді сатып алу тетігін іске асыра бастағанын айтты.

Еске сала кетсек, Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасымен фармацевтикалық компанияларға қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін пайызсыз несие беруге 5 млрд тг көлемінде қаржы бөлінген. Қаражаттар қайтарымды және айналмалы негізде «жұмыс істейді».

Шілде айының басында кейбір дәріханаларда сұраныс жоғары болғандықтан, ыстық түсіретін және басқа препараттардың тапшылығы туындағаны белгілі. Алайда жедел қабылданған шаралардың арқасында жағдай тұрақтанды. Сонымен қатар, қаладағы тұрақтандыру қорынан дәрі-дәрмектерді Алматыдағы COVID-19-ға қарсы стационарларға жеткізу жұмыстары басталды.

Бұрын хабарланғандай, шілде айының соңына дейін Алматыға COVID-19-ға қарсы препараттардың 6,5 млн қаптамасы жеткізіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір