26 Шілде, 2020 NEWS

Академик Кенжеғали Сағадиев қайтыс болды

Фото: kazpravda.kz

Белгілі академик, ғалым, экономист Кенжеғали Сағадиев 82 жасында қайтыс болды. 

"25 шілдеде 82 жастағы академик Кенжеғали Әбенұлының жүрегі соғуын тоқтатқанын қайғыра хабарлаймыз. Өкінішке қарай, елді жайлаған індет біздің әулетті де айналып өтпеді. Оны білетіндерге оның аса ақылды, кеңпейіл, жақындарына қамқор болғаны мәлім. Ұлы адам ұлы ғұмыр кешті. Жерлеу рәсімі тек жақындарының қатысуымен болады. Қоштасу рәсіміне байланысты шаралар тура бір жылдан кейін 2021 жылдың 25 шілдесінде ұйымдастырылады. Бұл Кенжеғали Әбенұлының соңғы аманаты. Уақыт пен өтетін орын қосымша хабарланады" делінген Сағадиевтер әулеті таратқан хабарламада. 

Кенжеғали Сағадиев 1938 жылы 18 ақпанда Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген.

1960 жылы ҚазМУ-ды тәмамдаған.

1960-1963 жылдары ҚазМУ-де ассистент, аға оқытушы, 1963-1966 жылдары Мәскеу халық шаруашылығы институтының аспиранты, 1966 жылдан Алматы халық шаруашылығы институтында ғылыми-педагогикалық және басшылық қызметтер атқарды.

1982-1990 жылдары Целиноград ауыл шаруашылығы институтының ректоры, 1990-1994 жылдары Қазақ мемлекеттік экономикалық университетінің (1993 жылдан Қазақ мемлекеттік басқару академиясы) ректоры, 1994-1996 жылдары ҚР ҰҒА президенті, 1996-2004 жылдары Қазақ мемлекеттік аграрлық университеттің, Халықаралық бизнес университетінің ректоры, 2004 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

2007 жылдан – "Нұр Отан" ХДП тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, Салық салу "КагЕпегду" ассоциациясы үйлестіру кеңесінің төрағасы болды.

1977 жылы экономика ғылымының докторы, 1978 жылы профессор, 1994 жылы ҰҒА-ның академигі, 1996 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері атақтарын алған.

Ілмек сөздер: Кенжеғали Сағадиев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір