21 Шілде, 2020 Барлық аймақтар

Жемқорлық деректерінен мемлекетке 33,3 миллиард теңге өтелді

Көрнекі сурет

Жыл басынан бері Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі 10%-ға төмендеді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты. 

– Есепті кезеңде аса ауыр қылмыстарды анықтау мен жолын кесу үш есеге, ал ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау мен жолын кесу 10%-ға өсті. Сыбайлас жемқорлықты әшкерелейтін адамдардың саны артты, әрбір бесінші адам – мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысы. Жалпы қылмыстық жауапкершілікке 28 республикалық, 65 облыстық, 72 қалалық және аудандық деңгейдегі басшы тартылды, – деді ол.

Агенттік өкілінің айтуынша, өтелген шығын сомасы 33,3 млрд теңгені құрап, өткен жылдың көрсеткішінен айтарлықтай асып түсті. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір