Көрнекі сурет
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде өткен тәулікте 1630 адамнан коронавирус табылды. Ведомство олардың 745-інде арудың клиникалық белгілері жоқ екенін хабаралады.
Осылайша, елде вирус жұқтырғандар саны 73 мыңнан асты. COVID-19 шалдыққандар саны жөнінен Атырау облысы мен Алматы қаласы көш бастап тұр. Аталған екі өңірде де вирус жұқтырғандар саны 9 мыңның үстінде. Елдің өзге өңірлерінде вирус жұқтырғандар саны 9 мыңға жеткен жоқ.
Аймақтар бойына толық статистика төмендегідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 8619
Алматы қаласы - 9394
Шымкент қаласы - 4480
Ақмола облысы - 2054
Ақтөбе облысы - 2753
Алматы облысы - 3679
Атырау облысы - 9283
Шығыс Қазақстан облысы - 4250
Жамбыл облысы - 2957
Батыс Қазақстан облысы - 4845
Қарағанды облысы - 7226
Қостанай облысы - 2017
Қызылорда облысы - 2349
Маңғыстау облысы - 2348
Павлодар облысы - 2447
Солтүстік Қазақстан облысы - 2270
Түркістан облысы - 2497
Денсаулық сақтау министрлігі бүгін таңертең елде коронавирустан жазылып шыққандар 45376-ға жеткенін хабарлады. Бұл көрсеткіш вирус жұқтырғандардың 60 пайызына тең.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір