• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:20:53
Алматы
+35°

Алматы облысында ертең, 11 шілдеден бастап екі күнге қатаң карантин шаралары енгізіледі. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел өзінің facebook парақшасында хабарлады.

– 11 шілдеден бастап облыс аумағында барлық өндіріс, сауда, демалыс орындары жабылады. Талдықорғандықтар жиі баратын коммуналдық базар жұмысы да тоқтатылады. Қоғамдық көлік жүрмейді. Тек үй маңындағы азық-түлік дүкендері ғана істейді. Мұндағы мақсат – коронавирустық және пневмониялық инфекцияның таралу тізбегін тоқтату. Қала тұрғындары мен қала қонақтарынан екі күн ешқайда шықпауын сұраймыз. Екі күндік карантин шараларын бұзған, себепсіз үйінен шыққандарға айыппұл салынады, –  деді Ғалымұрат Жүкел.

Ресми дерек бойынша,  Алматы облысында 2939 адамнан коронавирус анықталған. Осы уақыт дейін олардың 1562-і аурудан айығып, төртеуі қайтыс болған.

Облыста сондай-ақ пневмонияның таралуы да өршіп тұр. Бұл дертке шалдыққандар туралы нақты ақпарат жоқ. Бірақ бүгін облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров және облыстың бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбет пневмониядан қайтыс болды.

Бұдан бөлек, облыс әкімі Амандық Баталов ентігу мен жүрек қан тамырларының жеткіліксіздігі диагнозы бойынша Нұр-Сұлтандағы кардиология орталығында емделіп жатыр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір