24 Маусым, 2020 NEWS

Карантинде той тойлаған полицейлер жауапкершілікке тартылды

tengrinews.kz

Әлеуметтік желіде шымкенттік полицейлердің тойда жүрген видеосы жарияланып, қызу талқылануда. 

Той 12 маусым күні Түркістан облысы Төле би ауданындағы демалыс аймағының бірінде өткені анықталды.

"Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Тексеру барысында той 12 маусым күні Түркістан облысы Төле би ауданындағы демалыс аймағында карантин кезінде ұйымдастырылғаны белгілі болды. Салтанатты іс-шараға Шымкент қаласы полиция департаментінде жұмыс істеп жүрген қызметкерлерінің бірі, сондай-ақ оқу орталығының және өңірлік арнайы мамандандырылған күзет басқармасының бастықтары қатысқан. Тойға қатысқан барлық лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметшінің этикалық кодексін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды" делінген хабарламада.

Той өткізген демалыс аймағына әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті айыппұл салынған.

"Санитарлық дәрігерлер демалыс аймағының әкімшілігіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жиналған материалдар қажет шешім қабылдау үшін Төле би аудандық сотына жіберілді" деді облыстық полиция департаменті.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір