• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:02:49
Алматы
+35°

Маңғыстау облысының Қарақия ауданында «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» аясында 25 нысанды салу және жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мұны қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Гүлмира Қылаубаева мәлімдеді. Айтуынша, мемлекеттік бағдарлама бойынша Қарақияға қаралған қаржы көлемі 4 млрд 717 млн теңге.

-«Оның ішінде ағымдағы трансферттен 7 жобаға 792 млн теңге қаралып отыр. Қалған 18 жобаға мемлекеттік бағалы қағаздар есебінен 3 млрд 924 млн ,9 млн тг.-18 жоба) 925 млндай теңге жұмсалады. Осыдан үнемделген қаржы 412 млн 200 мың теңгені құрайды. Маусым айына 759,8 млн теңге жоспарланды. Оның 119 млнға жуығы игерілді» - деді Г.Қылаубаева.

Енді мемлекет қаражатының қайда жұмсалатын айтайық. Құрық ауылында  қолданыстағы және жаңа шағын аудандарда кәріз желілерін салуға 91,6 млн, «Ақтау-Құрық 2-СИОТ» сорғы станциясының құрылысына 26,7 млн теңге қаралған. Алайда осы мақсаттарға жоспарланған ақша республикалық бюджеттен әлі аударылмаған.

Бұдан бөлек Құрық ауылдық № 4 орта мектеп, Сенек пен Бостандағы мәдениет үйлерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары, Құрық ауылішілік автомобиль жолдары мен су құбырларының ағымдағы жөнделуіне 90,1 млн теңгеге өтінім беріліп қойылған.

-«1128 жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Оның ішінде 565 адам аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы әлгі жобалардың құрылысына тартылатын болады. Қазіргі таңда 360 тұрақты табыс көзін тапты. Жұмысшыларға айлық жалақы көлемі 115 мыңнан 250 мың көлемінде деп бекітілді. Орташа еңбекақы 150 мың теңге» - дейді Қарақия ауданы әкімінің орынбасары.

Спикердің сөзінше, Жетібай ауылындағы әкімшілік ғимаратты «Оқушылар орталығына» айналдыру мақсатына 138 млн, 200 мың теңге қаралған. Құрылыс 5 айда аяқтау көзделген. Бағдарлама бойынша 40 жұмыс орны құрылуы керек.  Әзірге 20 азамат жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекке жұмылған.

Ал Ералы стансасында №2 бастауыш мектепке жапсаржай салуға 308,6 млн қаралып тұр. Аталған жоба бойынша 50 жұмыс орны құрылады. Әзірге қабылданғаны 14 адам.

Жұмыспен қамту орталығына тіркелген 5 адамға  жолдама берілді. Тағы 20 адамға сұраныс келіп тұр.

Жетібайда №8 орта мектепті ағымдағы жөндеуге құны 26,6 млн теңгеге келісім-шарт жасақталды. Бағдарлама бойынша құрылатын жұмыс орын 10, оның ішінде  жұмыспен қамту орталығы арқылы 5  адам қабылданды. Орташа еңбекақы 100 мың теңге.

Бостандағы Қарақұдық орта мектебін ағымдағы жөндеуге 33,8 млн теңгеге келісім-шарт жасақталды. Бұл ретте 11 жұмыс орны құрылған. 6 азамат орталық арқылы келді.

Сенектегі Қашаған орта мектебін ағымдағы жөндеуге 30,2 млн теңгеге келісім шарт жасақталды. Бағдарлама талабы бойынша құрылатын жұмыс орын саны 10, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 7 адам жұмысқа қабылданды.

Жетібайдағы №4 орта мектептің ескі ғимаратына және спорт залына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 234 млн теңгеге  келісім шарт жасақталды. Жөндеу қарқынды жүріп жатыр. Бағдарлама бойынша құрылатын жұмыс орын саны 100, оның ішінде орталықта тіркелгендерден 50 адам жұмысқа кірді.

Бұл жобада мамыр айына жоспарланған 70,2 млн теңге толық игерілді. Қалғаны қараша-желтоқсанға орналастырылған. Маусым-шілде айларына ығыстыруға қосымша өтінім беріледі. Бұдан үнемделген қаржыны бастауыш мектептің шатырын, жылу жүйесі мен қазандығын, өрт қауіпсіздігі жүйесі мен сигнализацияларын толық ауыстыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін қосымша келісім-шарт жасалуы керек.

Сенек пен Бостандағы мәдениет үйлерін ағымдағы жөндеуге 28,2 млн теңгеге келісім шарт енді жасақталады. Бағдарлама бойынша құрылатын жұмыс орын саны 10, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 5 адам қабылданады.

-«Сондай-ақ Қарақия кәсіптік колледжін ағымдағы жөндеуге 19,3 млн теңгеге, Құрықтағы аудандық аурухана және емхана ғимаратын ағымдағы жөндеуге 110,4 млн теңгеге, Жетібайда  модульді кәріздік тазарту ғимаратын орнатуға 230 млн теңгеге, Құрықта қолданыстағы және жаңа шағын аудандарға ауылішілік кәріз желісін тартуға  334,9 млн теңгеге, Құрықта су құбырларын ағымдағы жөндеуге 67,2 млн теңгеге, Ақтау-Құрық су айдау стансасының құрылысына 90,5 млн теңгеге, Саржа жерінде орналасқан курорттық аймаққа сорғы станциясынан сумен жабдықтауға 579 млн теңгеге, Жетібайда ауылішілік автомобиль жолдарын орташа жөндеуге 205 млн теңгеге, Мұнайшыда ауылішілік автомобиль жолдарын орташа жөндеуге 76,2 млн теңгеге, Құрықта автомобиль жолдарын орташа жөндеуге 141,1 млн теңгеге, «Ата жолы» автомобиль жолының 0-51 шақырымын қайта құрылымдауға 650 млн теңгеге, осы трассаның 51-97 шақырымын салуға  445 млн теңге қаржы қаралып тұр. Осы ретте 400-ге жаңа жұмыс орны құрылуы керек» - дейді Г.Қылаубаева.

Оның айтуынша, Мұнайшы ауылында газ жетпеген тұрғын үйлерге желі салуға, Құрықта "Карьер" көшесінің тұрғын үйлеріне газ құбырын тартуға, Жетібайда кейбір үйлерге газ тартуға,  Құланды ауылында автомобиль жолдарын салуға, Мұнайшыда автомобиль жолдарының құрылысына облыстық бюджетке түзетулер енгізілмеген. Осы орайда қаржы жоспары әлі жасақталмай келеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір