• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:36:38
+35°
ШҚО әкімі Даниал Ахметов Семей қаласының кәсіпкерлерімен онлайн кездесу өткізді. Басқосу барысында облыстың бас санитар дәрігерімен бірге қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шараларын күшейту туралы талқыланды. Барлық ұсыныс қоғаммен талқыланып, келісілді және бүгін облыстың бас дәрігерінің кезекті қаулысы шығарылады.
 
Жиында аймақ басшысы Семей тұрғындарына коронавирустық инфекция туралы түсіндіру жұмыстары әлсіз жүргізіліп жатқанын айтты. Даниал Ахметов қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық  жағдай жөнінде халықты күнделікті ақпараттандыруды жөнге салуды тапсырды.
 
Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда 12 маусымға дейін 234 адамда коронавирустық белгілер анықталған. Олардың дені Семей қаласынан, атап айтқанда 155 адам аталмыш вирусты жұқтырған. Соңғы он күннің ішінде 56 жағдай тіркелген. Соңғы аптада облыстағы аурдың үлесі 4,1 пайызды құрап отыр.
 
Облыс бойынша Семейдегі эпидемиологиялық жағдай қиын. Аурудың қортындысы бойынща 70% Семейде тіркелген. Мұнда көп жағдай бір ошақтан тіркелуде. Облыстың бас санитар дәрігері  Марат Исмаиловтың айтуынша, 27 үй жағдайында 82 адам ауырған. Оның ішінде 12 адам бір ошақтан. 4 жағдай бес ошақта тіркелген. 3 жағдай 6 ошақта, 2 жағдай 16 ошақта тіркелген.
 
Вирусты таратушылар арасында ешқандай ауру белгісі байқалмай, науқастанғандар да көбеюде. Олардың мұндай дертке шалдыққандары өзге адамдармен байланысқанда анықталады. Бүгінде Семейде 103 адамда ешқандай ауру белгісі анықталмаған коронавирус жұқтырғандар тіркелді. Сондай-ақ қаладағы кәсіпорындарда жаппай жұқтыру жағдайы орын алды. Мәселен, Семейдегі тері-венерологиялық диспансерде 37, "Қазполиграф" - 27, туысқандарымен араласқан 15 адам жұқтырған.
 
Бас санитар дәрігердің айтуынша, аталмыш дерттің күн сайын өсуіне қарапайым нормалар мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындамау, қашықтықты сақтамау себеп болып отыр. Семей қаласындағы жағдайға байланысты ШҚО бас санитар дәрігерінің қаулысы шығады.
 
Жалпы, облыста 1512 адаммен байланыста болған 151 ошақ бақылауда болады. Оның ішінде 716 жақын байланыс, 796 потенциалдыға жатады.
 
1512 адас анықталып, оқшауланды. 26 карантиндік стационарда, 1486 үйде оқшаулануда.
 
ШҚО ақпарат орталығы
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір