10 Маусым, 2020 NEWS

Айсұлтан Рахат Тоқаевтың билікке қалай келгенін айтты

Әлеуметтік желі

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Рахат Facebook парақшасында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билікке қалай келгені туралы айтты.

Айсұлтан Рахаттың сөзінше, 1995 жылы АҚШ-тың арнайы қызметтері яғни Орталық барлау басқармасының агенттіктері Қазақстанда төңкеріс жасау әрекетін жүзеге асырмақ болған. Мұны айтуды өзіне "құдай жеткізді" дейді ол.

Сондай-ақ Айсұлтан Рахат Орталық барлау басқармасының (ОББ) агенттері Тоқаевты БҰҰ-да жұмыс істеп жүрген кезде оған сиқырлауды үйретіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың ең жақын және сенімді адамдарының бірі болып кеткенін жазды.

"Оның басты міндеті – Ресейдің тұмсығының астында жүріп, хаос жасау, сол арқылы оны жою болатын. Бұл жоспар 1995 жылы жасалды. Алайда бұған  Ааврам, Ной, Моисей, Давид пен Иса пайғамбарлардың жалғыз Құдайы араласты. Сөйтіп АҚШ-тың жоспарын күл талқан етті. Нәтижесінде сол жақта хаос орнады." делінген жазбада.

 

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір