• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:40:03
+35°

Қазақстан Ресей мен Беларусь елдерінің одағына кірмейді. Бұл туралы Қ.Тоқаев Комсомольская правда басылымына берген сұхбатында айтты.

Журналист "Қазақстан Ресей мен Беларусь одағына кіруі мүмкін бе, мұндай одаққа ортақ валюта, ортақ кеден, ортақ парламент қажет пе, әлде біздің жолымыз ЕАЭО-ны "Шығыс Еуроодағына" айналдыру ма? Бұл қаншалықты мүмкін?" деген мазмұндағы сауалына Тоқаевтың жауабы төмендегідей болды.

– Қазақстан Ресей және Беларусь елдерімен екіжақты форматта да, интеграциялық бірлестіктер (ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД) аясында да белсенді әріптестік жүргізіп отыр. Біздің Ресей мен Беларусь одағына кіру туралы жоспарымыз жоқ. Біз үшін басым бағыт – жоғарыда аталған ұйымдар аясында интеграцияны дамыту.

Еуразиялық Экономикалық Одақтың әлеуетін тек экономикалық одақ ретінде күшейтуге мүдделіміз. Кооперациялық байланыстарды дамыту, тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және жұмыс күшінің ортақ нарығын құру, аталған одаққа мүше мемлекеттердің инвестициялық тартымдылығын арттыру арқылы ЕАЭО-ны жаһандық ауқымдағы тиімді құрылымға айналдыра алар едік.

Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде ілгерілеуде. 2025 жылға қарай ортақ энергетикалық және қаржылық нарық қалыптасады. Әсіресе, цифрлық ықпалдастық перспективалы бағыт болмақ. Кейде ЕАЭО-да, тіпті ең жоғары деңгейде, қызу пікірталастар болады, бірақ бұл талқылаулар одақты неғұрлым табысты, беделді, тартымды етуге деген ортақ талпынысты білдіреді. Ал оған немқұрайды қарау – анық деградацияның белгісі, – деді Қазақстан президенті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев сұхбаты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір