• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:55:18
Алматы
+35°

Елордада жүк көлігі автобуспен соқтығысып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 29 мамыр күні сағат 17:49-да болған. «КамАЗ» жүк көлігін басқарып келе жатқан 1994 жылғы азамат Ақжол көшесінің бойында рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Жүк көлігі «МАН» маркалы автобуспен соқтығысқан. Жол апатынан автобустың 13 жолаушысы зардап шегіп, медицина мекемелеріне жеткізілді. Қазіргі уақытта екі жолаушының сүйегі сынғаны, қалғандары түрлі деңгейде жарақат алғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір