• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:23:45
Алматы
+35°

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қасиетті Рамазан айының аяқталуымен құттықтады. Қала әкімі құттықтау сөзін өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады.

«Мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының аяқталып, Ораза айт мерекесінің басталуымен құттықтаймын! Бұл күнде адам баласы сауапты іс жасап, мұқтаж жандарға көмектесуге асығады. Ең ізгі тілектер орындалып, әр үйде бейбітшілік пен ынтымақ орнасын! Ораза айт қабыл болсын!» делінген қала басшысының құттықтауында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ораза айт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір