28 Сәуір, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
Бүгін, 28 сәуір күні төтенше жағдайға байланысты жұмысына тыйым салынған шағын несие ұйымдары мен ломбардтардың өкілдері онлайн брифинг өткізді. Олар мемлекет өздеріне салық жағынан ешқандай жеңілдік қарастырмағанын айтып, Ұлттық банк жанынан құрылған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тұтынушылар қарызын 15 маусымға дейін шегеру талабы қисынға келмейді деп отыр.
Брифингте «Қазақстанның ұлттық ломбард лигасы» ассоциациясының басшысы Роберт Абзалилов, «Қазақстан ломбардтарының ұлттық қауымдастығының» жетекшісі Асхат Ізтілеуов, «Автокөлік кепіліне несие беру компаниялары» қауымдастығының Президенті Дулат Тастекеев билікке өз уәждерін айтты.
«Қазақстан ломбардтарының ұлттық қауымдастығының» жетекшісі Асхат Ізтілеуов төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылғандар қатарында ломбардтардың иелері мен қызметкерлері де барын айтты.
– 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінде қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, жылжымайтын мүлікті (ломбардтар) кепілге қойған заңды тұлғаларға қысқа мерзімді несие беруді уәкілетті орган «Микроқаржы қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде реттейді. Сәйкесінше, реттеушілердің талаптары күшейтілуде. Бүгінде ломбарттар үлкен шығындарға душар болғанына қарамастан, мемлекеттің саясатына сүйеніп, халыққа қолдау көрсеткен бұл сектор мемлекет тарапынан ешқандай көмек ала алмаған, – дейді ол.
Асхат Ізтілеуовтың сөзінше, ломбардтарды мемлекеттік бағдарламамен қаржыландыру мәселесі қарастырылғаны жөн. Бұл төтенше жағдай кезінде саладағы шығындардың орнын толтыруға септігін тигізеді.
– Ломбард иелері 2020 жылдың 26 наурызындағы № 167 бұйрықты орындап, өздерінің борышкерлеріне 3 ай бойы қарыз төлемеуге мүмкіндік бергендіктен шығынға ұшырады. Сондықтан банктерге несие қарызын төлеуді кейінге қалдыру туралы өтінішпен жүгінді. Бірақ ломбардтар төтенше жағдайдан жапа шеккен кәсіптік секторға кірмегендіктен банктер өтінішті қабылдамады. Бүгінде ломбардтардың шығын көлемін азайтуға, бизнестің табыстылығын сақтап қалуға ешқандай мүмкіндігі, шығындарды төмендетудің алғышарттары жоқ. Керісінше, инфляцияға байланысты шығындардың көбейетіні мәлім.
Реттеушінің қатаң талаптарының салдарынан жылжымалы мүлікті кепілге қою арқылы жүзеге асырылатын несиелік қызметтерді ұсынатын ломбардтардың 90 пайызы нарықтан кетуі мүмкін. Осының кесірінен 20 мыңнан 30 мыңға дейін адамның жұмыс орнынан айыруына соқтырады. Бұл олардың отбасы мүшелерімен қосқанда кем дегенде 60 000 – 90,000 адамға әсер етеді, – дейді Асхат Ізтілеуов.
Осындай кезеңде агенттік қауымдастықтармен және бизнес өкілдерімен келіспей, ломбардтарға қойылатын талаптарды қатаңдата түсетін ережелер қабылдаған. Мәселен, есепке тұру үшін 2020 жылдың 1 мамырына дейін тіркелу қажет. Төтенше жағдайда қызметкерлер үйде жұмыс істейтіндіктен талаптарды орындау қиын. Сондай-ақ реттеушілер қатаң талаптар енгізу барысында ауыл тұрғындарының жағдайын ескермеген. Осы жағдаяттар анализдің дұрыс жасалмағанын, заң талаптарының бұзылғанын көрсеткен.
– Ең қызығы, агенттіктің қызметкерлері, менің келіспегеніме қарамастан, 2020 жылғы 6 наурыздағы №1 Хаттаманы шығарды, бұл жерде мәселе қоғамдық талқылауға түскені жайлы және Агенттіктің ұсынысына менің келісім бергенім жайлы айтылады. Оны қалай түсінуге болады? Демек, қызметкерлер алаяқтық жасады, сол кездесуде мен салалық қауымдастықтар мен сарапшыларды қатыстыра отырып, жұмыс тобын құруды, содан кейін ғана шешім қабылдауды ұсынған едім. Қатысушылардың барлығы бұл ұсынысты қолдады. Агенттік өкілдері басшылықпен келісуге уәде берді, бірақ содан кейін олар микроқаржыландыруды лицензиялауды енгізу бойынша ұсыныстарды талқылау үшін, жиналыста хаттама жасайтыны белгілі болды.
Ломбард қызметін реттейтін заңнамадағы жақында болған өзгерістер бизнес-қоғамдастықта үлкен резонанс тудырғанын ескере отырып, мен 2020 жылдың 30 наурызында қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі микроқаржы ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастырған бейнеконференцияға қатыстым. Төраға орынбасары Нұрлан Алмасұлына ломбард қызметіне байланысты сұрақтар қойылды. Мен Н. Абдрахманов мырзаға ломбард өкілдерімен бейнеконференция өткізіп, бизнес-қоғамдастықтың барлық сұрақтарына жауап беру жайлы ұсыныс тастадым. Өкінішке қарай, бүгінгі күнге дейін біз ресми жауап ала алмадық. Ломбард өкілдерінің бейнеконференциясы да ұйымдастырылмады. Агенттік төрағасының орынбасары Агенттікке сұрақтармен тікелей хабарласуды өзі ұсынса да, біздің әлі жауап ала алмағынымыз қынжылтты.
Құрметті билік өкілдері! Ломбардтар қызметі – қарапайым әрі пен жедел екенімен, өтініш берген күні қаражатты алуға болатынымен ерекшеленеді. Негізгі клиенттердің жұмыс орны жоқ, жинақ ақшасы жоқ, кредиттік тарихы теріс. Бірақ ақшалай қаражат алу үшін кепіл ретінде зергерлік бұйымдар, автомобильдер және өзге де заттары бар. Сондай-ақ ломбард кредитті рәсімдеу кезінде ЕДБ, микроқаржы ұйымдары сияқты қашықтықтан жұмыс істемейді, өйткені жылжымалы мүлікті кепілге қою кезінде қарыз алушының өзі міндетті түрде рәсімдеуге қатысуы қажет. Бірақ шектеулер жағдайында бизнес қалай жұмыс істейді? логика қайда? Ломбардтар ТЖ кезінде зардап шеккен кәсіпорындарға жатқызылмаған, жүріп-тұруы шектелген мемлекеттен шығындарды өтеу түріндегі көмек жоқ.
Сондай-ақ жарғылық капитал мөлшерін ұлғайту мүмкін емес, өйткені жүзеге асыру шаралары 1 мамыр 2020 жылға дейін халықты қолдау агенттігінің №167 бұйрығына сәйкес ломбардтардың жұмысы толығымен тоқтатылып, айыппұл және тұрақсыздық төлемі, сондай-ақ негізгі борыш төлемі мен сыйақыны кейінге қалдыру ұсынылды. Тиісінше, ломбардтар табыс көзін толығымен жоғалтқан, карантинге байланысты ғимараттарды жабуға мәжбүр, – деп атап өтті «Қазақстан ломбардтарының ұлттық қауымдастығының» жетекшісі Асхат Ізтілеуов.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір