• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:04:55
Алматы
+35°

Түркістан облысы полиция департаментінің бұрынғы қызметкері, полиция капитаны Сәкен Сейітжапаров "бала зорлады" деп айыпталып, 15 жылға сотталды. Бұған қоса, Сейтжапаров полиция капитаны шенінен айырылды. Мұндай үкімді кеше, 19 ақпанда Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды.

Облыстық соттың мәліметінше,  Сейтжапаров Қылмыстық кодекстің "Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері" және "Қорқыту" баптары бойынша кінәлі деп танылды.  Сот  үкімі күшіне енген жоқ, айыпталушының апелляциялық шағым түсіруге құқығы бар.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сотталушы 2013 жылы ішімдік ішіп, мас күйінде кәмелет жасқа толмаған баланың дәрменсіз күйін пайдаланып, сексуалдық сипаттағы әрекет жасап, бұл әрекетін бейнетаспаға түсірген.

"Сотталушы бейнетаспаны интернетке салатынын айтып, кәмелетке толмаған баланы бір жылда бірнеше рет зорлаған, ақша алған" деп хабарлады сот.

 

Оқиға Түркістан облысы Сарыағаш ауданында болған. Іс бірнеше жыл тергеліп, 2019 жылдың соңында сотқа жеткен. Іс сотта жабық қаралды.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір