• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:55:35
Алматы
+35°

Бүгін Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин федералдық жиын (парламент) алдында үндеу тастап, биліктің жаңа конфигурациясын жасауды ұсынды. Артынша, премьер-министр Дмитрий Медведев өзінің және үкіметтің доғарысқа кететінін мәлім етті, деп жазады rbc.ru сайты.

Медведев мұндай шешімге келу себебін "президентке бастамасын жүзеге асыруына барлық мүмкіндікті бергім келеді" деп түсіндірді.

Президент үкімет доғарысын қабылдап, министрлер кабинетіне алғыс айта отырып, жаңа кабинет жасақталғанға дейін қызметтерін атқара тұруын сұрады. Ел  конституциясына сай, президент үкіметтің жаңа құрамын екі апта ішінде жасақтауы тиіс.

Путин Медведевке әлі пайда болмаған лауазым - Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасы, яғни өзінің орынбасары болуды ұсынды. Ал премьер-министр қызметіне федералдық салық қызметінің басшысы Михаил Мушустиннің үміткерлігін ұсынды. Соңғысы үміткерлікке қарсылық білдірген жоқ.

Мемлекеттік дума Мушустиннің кандидатурасын ертең қарастырады.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір