• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:07:52
Алматы
+35°

2019 жылдың 19 желтоқсанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны жайында ақпараттық хабарлама таратқан.

Алайда  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтының дерегін негізге алып. 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысына қатысты жемқорлық қалмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол облыстық МКД-нің жанама салықтар жөніндегі басқармасы басшысынан қызметте өсіруге, жалпы қолдау көрсету уәдесі үшін талап еткен 10 мың доллар параның 3 мың долларын алған деген күдікке ілінді – делінген Агенттіктің 19 желтоқсандағы хабарламасында.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облыстық департаменті Нұрғали Тасмағамбетовке қатысты ешқандай қылмыстық істі тіркемегенін мәлімдеді.

- Департаментте жолданған сауалда аты аталған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу тіркелмегенін, оларға қатысты тергеу әрекеттері жүргізілмегенін хабарлаймыз, - делінеді Департамент басшысының орынбасары Б.Ұзынжастың қолы қойылған ресми жауапта.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір