• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 02:54:06
Алматы
+35°

08 Қазан, 2019 Барлық аймақтар

Жалпы сауалды бұлай қоюымыздың жөні бар: Жалпы біздің сот туралы түсінігіміз қандай? Қарапайым адамға бұл мәселе білмеген соң, қарабайыр болып келетіні ақиқат. Жалпы  Елбасы  тапсырмасымен алқабилер сотының практикаға енгізілуі бекер емес. Өйткені мұндай жүйе әлімсақтан тарихымызда бар. Қазақтың билері араз болып келгендерді алқалы топта шешкен. Ал алқабилердің өз еркімен сот залындағы процеске қатысуының өзіндік мәні бар. Өйткені кез келген адам алқабилер сотының мүшесі бола алмайды. Ол адам ең алдымен сауатты, парасатты, оң мен солын айыра білетін жан болуы қажет. Құқықтың сауаты жоғары болса, тіпі жақсы.  

Жалпы заңға бағынған адам ешқашан да заңды бұзбайды. Бауыржан Момышұы атамыз «тәртіпке бас иген құл болмайды» деп бекер айтпаған. Қара қылды қақ жаратын шешендер мен түйінді бір ауыз сөзбен  шешкен билер тарихымызда аз болмаған. Заң бәрімізге ортақ, өйткені қазақ «тура биде туған жоқ» деп бекер айтпаған.

Негізі заң – біздің бағдарамыз, басты құжатымыз екені ақиқат. Рас заңға бағынамыз, сол арқылы бағдар аламыз. Мұны айтып отырғанымыздың өз себебі бар. Бір ғана мысал, Елбасы қол қойған 100 нақты қадам Ұлт жоспарында алқабилер  туралы айтылған: Аталған құжаттың  21-қадамында «алқабилер соты қолданылатын салаларды кеңейту. Заңды түрде алқа билер соты міндетті түрде қатастырылатын қылмыстық істердің категерияларын анықтау қажет» деп атап көрсетілген. Бұл дұрыс та. Өйткені сот саласында қазіргі кезеңде іргелі реформалар жүріп жатыр. Сот, құқық қорғау саласы бүгінде ізгілікке бой ұрғаны ақиқат. Айыпталушыны бірден темір тордың ар жағына жібермей, оған айыппұл төлетіп немесе қоғамдық жұмысқа тартады, қазір. Кейде араздасқан адамдарды немесе сот залына дейін татуластырып жіберетін татуласу орталықтары да бар. Мұның барлығы да жақсылықтың нышаны. Ал алқабилер сотының қандай тиімділігі бар, олардың сотқа қатысуында қандай сыр жатыр? Өйткені...

  1. Біріншіден, қарапайым азаматтар сот процесіне қатысу арқылы олардың құқықтық сауаттылығы артады.
  2. Олар өздері де азаматтардың құқын қорғайды. Айыпталушының кінәсі өте үлкен болмаса, оған ізгілік тұрғысынан қарайды.
  3. Алқабилер соты шешім шығарудың тиімді жолдарын қарастырады.
  4. Сот барысында әділ үкім шығаруға атсалысады.
  5. Азаматтардың мүддесін қорғайды.
  6. Сот процесі барысында заң талаптарын бұзуға жол бермейді.
  7. Алқабилер\өлім жазасына кесілген және өмір бойы бас бостандығынан айырылған айыптаушылардың ісіне де қатыса алады.
  8. Олар айыпталушының кінәлі, кінәсіздігін айқындайтын өмірлік тәжірибесі бар азаматтар.
  9. Алқабилер арқылы әділеттілік толықтай орнауы мүмкін.

Алқабилер институтының  қандай да бір пайдасы бар ма? Олар ең алдымен тараптардың мүдделерін қорғайды. Сотта өз көзқарасын ашық білдіріп, істің әділ шешім табуына ықпал етеді. Айыпталушы үшін де, екінші тарап үшін де бұл ең керекті нәрсе. Олар ең алдымен сот жүйесіне тікелей қатыса алады. Бұл процестердің барлығы да алқабилердің құқықтық сауттылығын арттырады. Оның үстіне кейбір жағдайларда алқабилер сот процесіне, атап айтқанда судьяға істі дұрыс қарауға ықпал етуі мүмкін. Сөйтіп, судьяның істі оңтайлы қарауына септігін тигізуі де ықтимал.

Жалпы айтқанда, 100 нақты қадам Ұлт жоспарында алқабилер соты қатысатын  салаларды кеңейту қажеттілігі бекер айтып отырған жоқ. Алқабилер соты бұл тұтастай алғанда үлкен бір институт. Алқабилер судьяның  толықтай дұрыс шешім шығаратына сенеді. Кейде оған ықпал етеді. Сондықтан да алдағы уақытта  алқа билер қылмыстың ауыр ісіне де араласатын болады.  100 нақты қадам Ұлт жоспарының  21-қадамында «алқабилер соты қолданылатын салаларды кеңейту қажеттілігі» айтылуы бекер емес. Өйткені алқабилер сот залында әділеттіктің толық орнауына ықпал етеді. Өркениетке және адами қасиетке  бастайтын бұл қадамды қоғам да құптап отырғанын жоққа шығара алмаймыз.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір