• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
10 Желтоқсан, 08:07:28
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

12 Қараша, 2019 NEWS

Алматы жалпықалалық дизайн кодқа өтеді

Алматы әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында қала жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов қалалық дизайн кодқа ауысу туралы айтты.

Дизайн-код Алматыдағы әр ғимаратты сақтауға, ұқыпты ұстауға бағытталған.

– Тұжырымдамаға негіз ретінде канадалық қала құрылысын реттеу жүйесі алынды. Егер үйдің қасбетін өзгерту керек болса, белгілі бір талапқа сай өзгертетін болады. Әлбетте, адамдардың бәрі ғимаратты ұстап отыруға ақша төлейтіні рас. Оларға барып терезеңді, қасбетіңді ауыстыр деп ешкім мәжбүрлемейтін болады, – деді Алмасхан Ахмеджанов.

Оның айтуынша, баспана иелеріне таңдау беріледі.

– Егер адам сары үйдің балконын көкке бояғысы келсе, оған дизайн кодтағы талапты көрсетеміз. Тұрғындар өзін-өзі бақылайтын жүйе болады. Ғимараттарды ұстап тұру мен пайдалану саласында бірқатар бизнесте өсім болады деп сенеміз, – деді А.Ахмеджанов.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір