• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 22:14:36
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

30 Қазан, 2019 NEWS

Таразда жетім баланы жылатқан тәрбиешіге сот үкім кесті (видео)

Таразда үш жастағы тастанды балаға теперіш көрсеткен тәрбиешіге сот үкім кесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

54 жастағы келіншек енді екі жыл бойы педагогикалық жұмыс істей алмайды. Бұдан бөлек мемлекет қазынасына қомақты айыппұл төлемек.

Тахмина Сұлтанова, Жамбыл облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы: Тәрбиеші өз кінәсін толық мойындап, тергеу ісіне көмектесті.  Сот барысында осы жағы ескерілді. Сондықтан оған 80 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Оның егде жасқа келуі ескеріліп, қаладағы қоғамдық жұмыстарға жегілмейді. Оның үстіне денсаулығы жарамайтыны белгілі болды.

Еске салсақ, 8-ші қазанда «Үміт» бөбектер үйі тәрбиешісінің баланы жазалап жатқаны таспаланған жазба желіге тарап кеткен еді. Арты үлкен дауға айналып, қоғамның қызу талқысына түсті. Бейнежазбада 30 жылдық өтілі бар маман жылаған 3 жастағы бөбекті аяғынан көтерген қалпы басын салбыратып, бірнеше рет жұлқылайды. Осыдан соң тексеріс басталып, ол жұмысынан уақытша шеттетілген еді. Енді сот үкімінен кейін ол қызметінен біржолата қуылмақ. Сондай-ақ, «Үміт» бөбектер үйінің басшысы да жазаланады. Сот тәртіптік жазаға тарту үшін облыс әкімдігінің атына жеке қаулы шығарды. Айта кетейік,  аталған балалар үйінде тағдыр тәлкегіне түскен 64 тастанды тәрбиеленіп жатыр.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір