• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
20 Қаңтар, 13:19:03
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

18 Қазан, 2019 Аймақтар

Инвестицияның игілігі мол

Инвестиция тарту-салық түсімдерін арттырумен халық халық тұрмысын түзеуге бағытталған қадамдардың бірі. Сондықтан да Елбасы Н.Назарбаев бұл мәселені үнемі басты назарда ұстап келеді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев та «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Шетелден тікелей инвестиция тарту жұмыстарын барынша жандандыру қажет. Онсыз алдағы уақытта экономикалық өсім резерві шектеулі болады. Бұл – атқарушы билік басымдық беруі тиіс міндеттердің бірі.

Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары аясында әрбір сала мен өңір үшін нақты мақсатты көрсеткіштер белгіленген.

Мемлекеттік органдар, әсіресе, өңір әкімдері сол көрсеткіштерге қол жеткізуге тікелей жауапты болады» деп бұл бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды.

Бүгінде Жамбыл облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі тиісті кезеңмен салыстырғанда 13,3 пайызға артты.

Өсім ағымдағы жылы Қордай ауданындағы ұзындығы 7,4 шақырымды құрайтын Ауқатты-Байтерек автөкөлік тасжолының құрылысы, Шу ауданындағы Балуан шолақ-Жиделі бағытындағы қашықтығы 17,3 шақырымды құрайтын автожол құрылысы есебінен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар облыстық маңызы бар «Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ» автомобиль жолының 3,4-14,4 шақырым аралықтары, «Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық» автомобиль жолының 1,7-7 шақырым аралықтары қайта жаңғыртылуда. Сондай-ақ "Қырғызстан шекарасына Тараз қаласының "Оңтүстік айналма" автомобиль жолының құрылысы жүргізулуде.

Бұдан бөлек Мойынқұм ауданындағы жолдар құрылысына, «Мойынқұм Агро» ЖШС асыл тұқымды мал өсіру, «Алтын алмас» АҚ Ақбақай филиалының лабораториясына жапсарлас балқыту бөлімшесінің құрылысын салуға тартылған инвестициялар негізінде қамтамасыз етілді.

Аймақта бөлшек сауда айналымы 5,1 пайызға артып отыр.

Өсім негізінен сауда кәсіпорындарының (3,4%-ға) және базарлар мен жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың бөлшек саудасы көлемінің артуы есебінен қамтамасыз етілді.

Көлік саласында да өсім байқалады. Мысалы, жолаушы тасымалы 5,5 пайызға, жүк тасымалы – 0,2 пайызға өскен.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір