• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:57:27
Алматы
+35°

Үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасы аясында Жамбыл облысындағы Қаратау қаласының маңынан натрий цианиді зауытының құрылысын қолға алған «Talas Investment Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аз уақыттың ішінде-ақ аяққа нық тұрып, дамудың даңғыл жолына түсті. Нақты 2017 жылы құны 3,7 миллиард теңге болатын 5700 тонна натрий цианиді мен 1331 тонна аммоний сульфаты өндірілді. Ал 2018 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көрсеткіштері 1,5 есеге өсті, яғни 6,2 миллиард теңгеден астам соманы құрайтын 8023 тонна натрий цианиді мен 2259 тонна аммоний сульфаты өндірілді. Қабылданған бюджетке сәйкес биыл өндірістің жобалық қуатын 15 мың тонна натрий цианидіне және 5000 тонна аммоний сульфатына жеткізу көзделіп отыр. Биылғы жылдың наурыз айында натрий цианиді өндірісінің көрсеткіші жобалық қуаттылықтың орташа айлық есептік көрсеткішіне жеткенін айтып өткен жөн.

Компаниядағы өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың саны 2019 жылдың 1 сәуірінде 552 адамды құрады. Оның ішінде 108 адам әкімшілік қызметкерлері. Жалпы жұмысшылардың 124-і – әйел азаматтар. Компания жұмысшыларының орташа жасы 30 бен 40 жастың арасын көрсетіп отыр. Ал 2019 жылдың ақпан айындағы жұмысшылардың орташа жалақысы 116350 теңге болды, сондай-ақ өндірістік ғимараттардағы еден жуушы жұмысшысының ең төменгі жалақысы 49273 теңгені құрады. Ай сайынғы өндірістік көрсеткіштердегі жетістіктерге сай негізгі өндірістік бөлімшелер жұмысшыларына сыйақылар қарастырылған.

Баршаға белгілі, зауыт жұмысы енді қарқын алып келеді. Десе де, компания басшылығы жұмыс жағдайы зиянды кәсіпорындарға қойылатын заңнама талаптарын бұлжытпай орындауда. Қазіргі уақытта кәсіпорынның қызметкерлері арнайы киіммен, жеке қорғаныс құралдарымен, зауыт есебінен берілетін, құрамына сүт өнімдері кіретін күнделікті профиликтикалық тамақпен қамтылған. Сонымен қатар, жұмыс кестесіне сәйкес қызметкерлерді зауытқа және кері тасымалдау үшін автобустар қарастырылған. Техника қауіпсіздігінің барлық амалдары да сақталуда.

Жұмысшыларға материалдық көмек көрсету, сыйақылар мен мерекелік күндерге орай төленетін төлемдер секілді ұжымдық шарт бойынша қабылданған барлық міндеттер орындалуда. Бұдан бөлек, компания Қаратау қаласында тұратын аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетуде белсенділік танытып келеді. Бүгінгі таңда аз қамтылған отбасынан шыққан студент компания демеушілігімен жоғары оқу орнында білім алуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір