• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
12 Желтоқсан, 14:24:07
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

17 Қазан, 2019 NEWS

Алматылық аналар аңсаған баспаналарына қол жеткізді

Алматыда «Алатау Бақытты отбасы» орталығының ғимаратында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша салынған үйден пәтер кілттерін тапсырды.

Баспаналы болғандар арасында үй шаруасындағы әйелдер, мұғалімдер, коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері, кәсіпкерлер бар. Бұлардың барлығы үй кезегін бірнеше жыл бойы күткен көпбалалы аналар.

Жалпы, жыл басынан бері қарай кезекте тұрғандар арасында көпбалалы отбасылар санатына жататындарға жүзден астам пәтерлер бөлінді. Бұлардан өзге, қалалық «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша берілген тұрғын үй сертификаттарының көмегімен көпбалалы отбасылар 284 пәтер алды. «Бақытты отбасы» республикалық бағдарламасы бойынша қазіргі кезде 201 отбасы «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінің» оң шешіміне ие болды, соның ішінде көпбалалы отбасылар бар.

«Барлық аудандарда жұмыссыз аналарды мамандыққа үйрететін, еңбекпен қамтитын және қажетті заңнамалық көмек көрсететін «Бақытты отбасы» орталықтары ашылған. Қала бұдан былай да әйелдердің өздерін дамытулары, балаларға лайықты тәрбие берулері үшін барлық жағдайларды жасайтын болады», – деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Жалпы, қаланың тұрғын үй саясаты басқармасының ақпараты бойынша бүгінгі күні тұрғын үйге зәру 25 мың азамат кезекте тұр, олардың 1847-і көпбалалы отбасылар.

Соңғы үш жыл ішінде тұрғын үйге мұқтаж жандарға 9 мыңнан астам пәтер бөлінді, олардың 700-ге жуығы көпбалалы аналарға берілді.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір