• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
11 Желтоқсан, 19:56:40
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

14 Қазан, 2019 NEWS

Өзбектікінен 4 есе қымбат елордалық ЛРТ құрылысы қашан бітеді?

Астана ЛРТ жобасының құрылысы аяқталатын болды. Бірақ дәл қазір оған ақша жоқ. Анығы оны табыңдар деп, пәрмен берді президент. Амалсыздан. Себебі Тоқаев мырза ЛРТ-ны ұрандатып, жалаулатып қолдаушылар қатарынан емес. Жаздағы бір мәлімдемесінде аталмыш жоба  тым күмәнді екенін ескерткен еді. Осы аптада да қаланың көркін бұзып, әзірге балбал тас сияқты сорайып тұрған нысандарға тағы да шүйлікті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Мемлекет басшысы осы құрылысқа рұқсат бергендер мен жобалау жұмыстарының қалай жасалғанын қайта тексеруді талап етті. Ал бұл уақытта Ташкентте жаңа жерүсті метросы сынақтан өтіп үлгерді.

Қамтитын аумағы Астана ЛРТ-дан анағұрлым ұзын болғанымен, құны 4 есе арзан жобаға өзбек ағайындар бар жоғы 422 млн доллар жұмсапты.Сонда әр шақырымына 68 млн доллар емес, небәрі 8 млн кеткен болып тұр ғой!  

БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ:

– Мұндағы жұмыс күші өздерінен.Біздегі мына үш мың адамның екі мыңнан астамы Қытай мемлекетінен келгеннің өзі, біздегі жұмыс күшінің сапасын көрсетпейді. ЛРТ-ны қай жағынан алып қарасаң да халықтың қамы емес, басқа бір мүдделердің топтасқаны деп айтуға болады.

Әлбетте әкімдіктегілер мұны климаттық жағдаймен байланыстыруы бек мүмкін. Бірақ жеңіл рельсті тасымалдың ерекшелігі сол, ол  климатқа тәуелді емес.  Айдана Үсенбай тақырыпты тарқатсын.

Астана ЛРТ.  О баста бұл жеңіл рейсті  жолаушылар тасымалы  Нұрлы -Жол вокзалы мен Әуежайды байланыстыруы тиіс еді. Жоба тұралы ұсыныс сонау 2011 жылы қабылданған! Алайда, одан бері 8 жыл өтті. Ал, құрылыстың түрі мынау.

Өзге мемлекеттер сегіз жыл тұрмақ, 4-5 жылда аспанмен таласқан ғимараттар тұрғызып жатыр. Ал, бізде әзірге жұмыстың 15-пайызы атқарылды! Ия, жылайтындай жағдай, бірақ жылауға да уақыт жоқ! Сақалды құрылысты қалай да болса аяқтау қажет. Өйткені..

Мемлекет басшысының бұлай деуіне себепте жоқ емес. «Астана ЛРТ» экономикалық тұрғысында өте тиімсіз жоба! Біз емес, мамандар солай деп отыр. Мәселен,  оның  салыну аумағын алсақ, ақылға қонымсыз көрінеді.

Себебі, 146 мың жолаушыны тасуға арналған. Алайда, елордада  Әуежайдан Нұрлы-жол  вокзалына күніге  бар жоғы 2 мың адам қатынайды. Сәйкесінше сұрақ! Әкімдік қалған жолаушыларды қайдан алмақ?

146 мың жолаушы күніге
Жаңа вокзал   Әуежай
2000 адам

 БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ
«Бұл жобаны оң жағалаумен сол жағалауды байланыстырып құрған тиімді болар еді. Өйткені, бізде таңғы уақыттарда , кешкі уақыттарда мына мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан қайтатын уақытта яғни қатты шоғырланған екі оң мен сол жағалау арасында болған жағдайда мұның қайтарымдылығы көп еді».

Мамандар бас қатырып отырған тағы бір мәселе нысанды күтіп ұстау жұмыстары. Оған қыруар қаражат қажет болайын деп тұр.  Бұл соммаларды Нұр-Сұлтанның  желі көтергенімен, қазынасы көтере алар ма екен?
Тілші: Білетіндер «бүй», - дейді.

АЙДЫН РАХЫМБАЕВ, ҚҰРЫЛЫСШЫ:
«Жобаның құны 1,5 млрд доллар.Бұл дегенің шамамен 300-400 мектептің бағасы. Қазір республикаға дәл осыншама білім ордасы жетіспейді. Ал, енді оны күтіп ұстаудың шығынына келсек, ол астанаға жүктелетіні сөзсіз.  Менің алдын-ала есептеуім бойынша нысанға жыл сайын шамамен 50 млн доллар кетеді. Бұл дегенің алдағы 20 жылда бізге тағы 1 млрд доллар қажет болады деген сөз. Оған қоса негізгі қарыздан құтылу керек. Үстемақысы тағы бар».

«Қысқасы бұл жоба бекіген кезде экономистің бар, сәулетшің, құрылысшың тағысы тағы ешқайсысының пікірі ескерілмеген»,- деді Президент! Оған тағы бір дәлел...

Жобаға сай әр станцияның арақашықтығы бар жоғы 1 жарым шақырым.  Яғни мың жарым  метр. Адам күнделікті жәй ғана серуенге шыққаның өзінде осыншама қашықтықты жүріп тастайды емес пе?

Тіпті ЛРТ-ның жалпы ұзындығын алған күннің өзінде, 22 шақырым деген не тәйірі? Жұрт марафон барысында  бұдан да  артық қашықтықтарды еңсеріп жүр, - ғой деген мемлекет басшысы, жобаның бекуіне қалай жол берілгендігін әлі күнге дейін түсінбейтіндігін айтып, жемқорлықты жүгендеп жүргендерге  тергеуді жандандыруды тапсырды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ
«Я попутно хотел бы обратиться к агентству по борьбе с... их подписи наверняка есть!».

Алайда қоғам белсенділері бұл істің әділетті нәтижесі мен  осыған жол бергендердің расыменде тиісті жазасын алатынына күмән келтіріп отыр.

АРМАН ШОРАЕВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:
«Енді бұл кісінің қойған талабы өті дұрыс.Бірақ та сол тергеумен айналысып жатқан адамдардың осы күнге дейін міне қаншама уақыт өтті,екі айға жуық. Бірде бір фамилия айтылған жоқ! Қаншама ұрын жасалды, қаншама ақша жымқырылды деген бірде-бір ақпарат жоқ өкінішке орай, сондықтан мен ойлаймын, тергеу органдары өз жұмыстарын жаман атқаруда».

Қалай болған күнде де енді жіптің ұшын табу агенттік өкілдері үшін оңайға соқпасы анық! Сақалды құрылыс басталғалы бес әкім ауысып үлгеріпті бас қалада. ЛРТ турасында алғашқы ұсыныс қаланы қазіргі Қазақстанның Ресейдегі елшісі  Иманғали Тасмағанбетов басқарып тұрғанда тасталды. Одан кейінгі әкім Әділбек Жақсыбеков болды. Сосын Исекешев келді. Ал, 2019 жылы Бақыт Сұлтанов топ етіп, құрылысты тоқтатып тастады. Ендігі үміт Алтай Көлгіновте!

Бірақ, әзірге ол құрылысқа қажетті 1,5 млрд доллар ақшаны қайдан табатыны белгісіз. Ал, анығы мынау. Құрылыс қалайда аяқталуы тиіс.  Өйткені бізге дәл қазір, «Қарынның ашқанынан, қадірдің қашпағаны маңызды болып тұр»,- дейді мамандар.

БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ:

– Бұл енді біздің осы сыртқы инвестициялардың тоқтап қалуына мүмкіндік бермейтіндей яғни біз осы жобаны толыққанды аяқтап шығуымыз керек. Ол қанша экономикалық тиімсіз болса да, бюджетке қанша шығын әкелетін болса да біз бұл жобадан бас тарта алмаймыз.

Қысқасы Қазақстандағы инвестициялық ахуалға кәдімгідей әсер еткелі тұр бұл жоба. Өйткені, апталдай мына бетондарды не  Астанаға келген туристерден де тығып қоя алмайсың. Бетон демекші бұл сорайғандарға халық қазір атта беріп үлгерді. Әзірге ол ел арасында «Жемқорлық ескерткіші» деп айдарланып жүр!  

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір