• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:01:25
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2017 NEWS

КҮЙЕУДІҢ ҚҰНЫ БАР ШЫҒАР, БІРАҚ СЕЗІМ САТЫЛМАЙДЫ

Қазақ өнерінің майталманы, актер Азамат Сатыбалды бұған дейін кино түсіріп, көрермен жүрегін жаулаған. Қоғамдық мәселені ашып, көрерменге ой салды. Бұл жолы...

Қазақ өнерінің майталманы, актер Азамат Сатыбалды бұған дейін кино түсіріп, көрермен жүрегін жаулаған. Қоғамдық мәселені ашып, көрерменге ой салды. Бұл жолы өзінің жеке Theater28 театры "Күйеуіңізді сатыңызшы" деп аталатын қойылыммен шымылдығын ашты. Қойылым 22 мамырда Қуыршақтар театырында көрсетілді, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Бұрыннан бар қойылымды заманауи тұрғыда халыққа ұсынған жас театр бүгінгі таңдағы отбасылық мəселені қозғай білді, комедия арқылы əдемі жеткізді. Көрерменнің жүрегінен орын тапқанын залдағы соғылған ұзақ шапалақтан байқауға болады.

Иə, күйеу сатылар, бірақ ешқандай ақшаға сатылмайтын асыл қазына бар, ол - сезім, махаббат. Бірін бірі сүйіп қосылған қос ғашықтың өмірі тақтадай тегіс болмайды, бас қосқандарына 5жыл толсын, 10 жыл толсын, алаңсыз күндердің бірінде дауыл соғады, нөсер жауады. Бірақ бəрі өткінші, сын ғана. Сол сыннан қос ғашықты аман алып шығатын олардың махаббаты. Алғаш қол ұстасқан күні екі жас бір-біріне жүректерін тапсырады. Сол жүректі аялап ұстау - екеуі үшін де үлкен жауапкершілік, жеңіл болып көрінгенімен.

Қойылымды тамашалауға Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының көркемдік жетекшісі Есмұхан Обаев, қазіргі «ТТТ» театрының директоры Асылбек Боранбаев және еліміздегі өнер жұлдыздары мен БАҚ өкілдері келді. Есмұхан Обаев шымылдығын енді ашқан жаңа театрға ақ батасын беріп, Азамат Сатыбалдыға разылығын білдіріп, алғыс айтты. Театрдың артығы болмайды дей келе, әлі де талай биіктерден көрінетініне кәміл сенетінін айтты.

Фото Мақсат Құсайынов

Гүлім Жақан

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір