• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Қараша, 06:33:36
Алматы
+12°

 ІІМ мәліметінше, Байсейіт ауылында жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалау кезінде облыстағы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол ережесін бұзған Toyota Ipsum автокөлігін тоқтатады. Рөлде Достық ауылының 34 жастағы тұрғыны болған. Құжаттарды рәсімдеу сәтінде жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартты. Ол полицейлерді елемей, көлікке қайта отырады. Ол полиция қызметкерінің  саусағы көлік есігіне қысылып қалғанына қарамай, қозғала бастайды. Көлік орнынан күрт қозғалып, полиция қызметкерін 10-15 метрдей жерге сүйреп әкеткен. Ақыры офицер қолын босатып үлгергенімен асфальтқа құлап, жарақат алды. 

Қашуға тырысқан жүргізуші  көп ұзамай қолға түсіп, Шелек ауылының полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта құқық қорғау органы қызметкеріне күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір