• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Қазан, 09:34:45
Алматы
+9°

17 Қазан, 2024 NEWS

Қуат Хамитов атақты дағыстандық спортшымен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қуат Хамитов кезекті рет кәсіпқой бокстың шаршы алаңына шығады.

Ашық дереккөзден

“Найман” лақап атымен танылған танымал аралас жекпе-жек майталманы Қуат Хамитов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді. Ол 27 желтоқсан күні өтетін AllStarsBoxing кешінде танымал дағыстандық спортшы Мариф Пираевке қарсы жұдырықтасады. Қос спортшы да ММА спортының өкілі болса да, бокс ережесімен жекпе-жек өткізуге келісімін берген. Бұған дейін екеуі ММА спортында жекпе-жекке шығып, Мариф Пираев жеңіске жеткен еді. 

Айта кетейік, AllStarsBoxing-тің алғашқы турнирінде Қуат Хамитов жақын досы Нұрберген Шариповке қарсы жұдырықтасып, жеңіске жеткен еді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір