04 Қазан, 2024 NEWS
Қазақстанда тағы екі микроқаржы ұйымының лицензиясы тоқтатылды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Bravo Microfinance және CashCapital микроқаржы ұйымдарының лицензиясын 3 ай мерзімге уақытша тоқтатты.
Фото: ашық дереккөзден
Bravo Microfinance және CashCapital микроқаржы ұйымдарының лицензиясы нормативтерді немесе өзге де міндетті нормалар мен лимиттерді бұзып, уәкілетті органның жазбаша нұсқамасын орындамағандықтан уақытша тоқтатылды.
Egov-тың мәліметінше, Microfinance MFO ұйымы Меруерт Хамитова мен Асылбек Әбділхайға тиесілі Bravo Group компаниясының басқаруында. Компания 2019 жылдың қыркүйегінде Астанада тіркелді. Оның алғашқы басшысы – Артем Котелкин.
Ал CashCapital MFO Joint Logistics логистикалық компаниясына иелік ететін Аяз Темірғалиевке тиесілі. Бұл микроқаржы ұйымы елімізде 2021 жылдан бері тіркелген.
Ұлттық банктің дерегіне сенсек, Bravo Microfinance 2024 жылдың 5 қыркүйегінде 732 миллион теңге активімен 221 ұйымның ішінде 88-орынды иеленді. Ал CashCapital құны 200 миллион теңге активімен 204-орынға тұрақтады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір