• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Қараша, 07:37:13
Алматы
+12°

02 Қазан, 2024 NEWS

Қылмыстың түбі - жаза!

2024 жылдың басында Ақтөбе облысының тұрғыны «Ұ» есімді азамат өзінің достарымен бірге алдын-ала топ құрып, бірнеше пышақтармен қаруланып, Қызылжар ауданының «О» есімді кәмелеттік жасқа толмаған бетке ұстар баласын және оның достарын ұрып соғып нәтижесінде жабылып пышақтап өлтіргені туралы мәлімет бұқаралық ақпарат құралдарымен қоса әлеуметтік желілер арқылы жарияланғаны әлі күнге дейін елдің назарын қатты алаңдатты.

Фото: автордан

   Аталған қанды оқиғаны 9-ай бойы Ақтөбе облысының полиция департаментімен тергеліп нәтижесінде бұзақылық ниетпен көрінеу кәмелетке толмаған адамды өлтіруге оқталумен кісі өлтіру фактісі бойынша сараланып, 18 (он сегіз) томдық қылмыстық іс болып жинақталып, Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта істің мәні бойынша қаралуда.

  Іс материалдарына сүйенсек, «Instagram» әлеуметтік желісінде «Ұ» есімді азамат сылтау ретінде бір адамның ұялы телефон номерін алу үшін кәмелеттік жасқа толмаған «О» есімді азаматпен хат алмасу арқылы сұраған кезінде өзара түсініспеушілік туындаған, соны жойып шешу үшін алдын-ала кездесу уақытымен орынын белгілеп келіскен.

 Содан «Ұ» есімді азамат өзінің физикалық мүмкіндігіне күмәнданып, бұзақылық ниетпен «О» есімді азаматтың кәмелетке толмаған және оның спортпен айналысатынын біле тұра оны қасақана өлтіру үшін өзінің бірнеше жақын достарымен қосқанда 6 (алты) бала болып бірігіп, алдын-ала бірнеше пышақтармен қаруланып кездесу орны белгіленген жерге «О» есімді азаматтың өзімен және оның достарымен кездеседі.

автор

 Нәтижесінде, «О» есімді азаматпен оның кәмелеттік жасқа толмаған досы екеуі қаза болады, сонымен қатар тағы екі досы пышақтан ауыр және жеңіл түрде жарақат алады, ал «Ұ» есімді азамат өзінің достарымен бірге оқиға орнынан қашып кетіп қалады.  

 Қазір сотталушылар тағылған айыппен келіспейді, оның ішінде «Ұ» есімді азамат және оның достары өздерінің кінәсін мойындамай тұр, яғни сотталушылардың барлығы қаза болған және дене жарақаттарын алған балаларға кім пышақ салғанын тергеу барысында көрсеткенімен бірақ басты сот отырысында қорғану амалын қолданумен ұштастырып әдейі жасырып айтпай отыр. Оның үстіне сотталушылар сотта үнемі бір-біріне ырық-жырық күліп отырады, бұл қарапайым жәбірленуші тараптың және сотқа тыңдаушы ретінде отырғандардың іштей ызасын тудырады. Ал сот болса оларға өзінің тарапынан ешқандай ескерту бермейді.

  Әрине, сотталушылардың тағылған айыппен келісуі немесе келіспеуі, өздерінің кінәсін мойындауы немесе мойындамауы ол сотталушының ажырамас процессуалдық құқығы екенін деп түсінуге тырыссақ, онда қаза болған кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ата-анасының ішкі жай күйі мен күзелісін кім түсінеді? Түсінсең де оны айтып жеткізу өте қиын.

Осы тұрғыдан, «Әділетті Қазақстанды» құрудың алғы шарты – дұрыс әрі әділ шешім шығаратын сот болуы тиіс - деген ұран бұл істе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан ешкім құтылмайтынына белсенді түрде ат салысу Ақтөбе прокурорының көмекшісі, әділет кеңесшісі Г.К.Кочербаеваның және жәбірленушінің өкіл ретінде меніңде ортақ мүддем деп түсінемін!

 Себебі Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабында «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ…» - деп нақты көрсетілген.

 Яғни, қолыңмен бүлдіргенді міндетті түрде мойныңмен көтересің деген ұстанымды жастардың санасына ұмытпайтындай етіп үнемі құйып отыру ұрпақтың дұрыс тәрбиеленіп дамуына олардың қылмысқа бармауына септігін тигізеді.

  Өйткені қылмыстың түбі – жазаға әкеледі деген ұғымды жастардың естерінен шығармасақ, бұл өз кезегінде болатын қылмыстылықтың алдын алады деп нық айтуға болады.

заңгер Б. Амандосұлы

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қылмыс заң

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір