16 Қыркүйек, 2024 NEWS
Германиямен стратегиялық серіктестік дамып келе жатыр – Тоқаев
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германияның федералдық канцлері Олаф Шольц шағын құрамда кездесу өткізді.
Фото: ашық дереккөзден
- Шақыруымды қабыл алғаныңыз үшін шынайы ризашалығымды білдіремін. Бұл сіздің Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапарыңыз. Біз бұған айрықша мән береміз. Бүгінгі кездесу Қазақстан мен Германияның көпқырлы ықпалдастыстығын жаңа белеске көтереді деп сенемін. Себебі, елдеріміздің арасында өзара сенім бар, берік достық қатынастар орнаған. Біз жаңа ғана шағын құрамда екіжақты қарым-қатынасты одан ары нығайту мәселелесін талқыладық, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тоқаев канцерлермен кездесуде сауда, экономика, инвестиция саласындағы ықпалдастықты тереңдетуге ерекше назар аударылғанын айтады.
Бұдан бөлек, өзекті халықаралық мәселелер туралы сөз қозғадық. Әсіресе, қазіргі геосаяси ахуалға, жаһандық қауіпсіздікке және аймақтық дамуға, климаттың өзгеруіне қатысты пікір алмастық. Сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы байланыстарға тоқталдық. Екіжақты қарым-қатынасымыз стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатыр. Кеңейтілген құрамдағы келссөздер оның аясын кеңейте түсуге ықпал етеді деп сенемін, - деді Мемлекет басшысы.
Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Германияның федералдық канцлері Олаф Шольцті қарсы алғаны туралы осыған дейін жаздық.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір