• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Желтоқсан, 22:31:40
Алматы

Алматы қаласының Туризм басқармасы мен Қытайдың туристік нарығындағы жетекші компания – Leader International Tourism Group Limited ынтымақтастық және бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Келісімнің негізгі мақсаты – Алматының туристік әлеуетін халықаралық деңгейде ілгерілету, туристерді тарту үшін инновациялық шешімдерді енгізу, туристік инфрақұрылымды кеңейту және туризмнің тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

Leader International Tourism Group Limited компаниясы 2007 жылы негізі қаланған және бүгінгі күні Таяу Шығыс, Африка, Оңтүстік Еуропа, Австралия, Жаңа Зеландия, Орталық және Оңтүстік Азия, сондай-ақ Оңтүстік Америка сияқты көптеген аймақтарды қамтиды.

Туризм басқармасының мәлімдеуінше, Алматы Орталық Азиядағы аймақтық туристік дестинация болып табылады. 2023 жылы туристердің жалпы саны 2 миллионнан асып, 12,6%-ға өсті. Шетелдік туристердің саны үштен бірге артып, 540,7 мың адамға жетті. Сонымен қатар, ҚХР-дан келген туристер жалпы келушілердің 12,2%-ын құрап, үшінші орынға ие болды.

ҚХР-дың ірі туристік компанияларының бірімен меморандумға қол қою Алматыға бірқатар маңызды артықшылықтар әкеледі. Ең алдымен, бұл Қытайдан келетін туристік ағынды 2 еседен астам арттыруға ықпал етеді. Leader International Tourism Group Limited компаниясы туристік бағыттарды ілгерілетуде кең халықаралық тәжірибеге және инновациялық тәсілдерге ие. Бұл туристерді тартуға арналған жаңа тиімді стратегияларды енгізуге мүмкіндік бермек.

Сонымен қатар, меморандум бірлескен маркетингтік кампанияларды жүзеге асыру, туристік инфрақұрылымды дамыту және туристік қызметтердің сапасын жақсарту үшін негіз болады. Бұл Алматының халықаралық туристік қызметтер нарығындағы позициясын нығайтып, қаланы шетелдік туристер үшін тартымдырақ етеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы қаласы туризм

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір