26 Тамыз, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Telegram бас директор Павел Дуровтың Францияда ұсталуына қатысты пікірі білдірді. Онда әлеуметтік желінің ЕО заңдарына сәйкес келетіні, ал модерация принциптері салалық стандарттарға сәйкес екені айтылған.
"Telegram ЕО заңдарына, соның ішінде Сандық қызметтер туралы заңға сәйкес келеді – оның модерациясы салалық стандарттарға сәйкес және үнемі жетілдіріліп отырады. Telegram бас директоры Павел Дуровтың жасыратын ештеңесі жоқ. Платформа немесе оның иесі аталмыш платформадағы теріс әрекеттерге жауапты деп айту әбестік. Әлем бойынша миллиардқа жуық пайдаланушы Telegram-ды байланыс құралы және маңызды ақпарат көзі ретінде пайдаланады", - делінген ресми мәлімдемеде.
Еске сала кетейік, 24 тамызда Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Париждің Ле Бурже әуежайында ұсталған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір